Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді математика әлемі (сайыс)

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
«Көңілді математика әлемі» атты сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
есептер, кеспе әріптер.
Жүрісі: Бүгінгі сайыс төрінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысын.
Мұнда қызық тағы бар,
Жаңылтпаш, сурет бәрі бар,
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Біліктілігі мен білімін,
Сараптап өздеріңіз көріңіздер,
Ұқыптылықпен тыңдай отырып,
Оларға баға беріңіздер!
1 - сайыс Таныстыру.
(Әр сынып өз тобын таныстырады. Топтың атын қорғау, ұраны, топ мүшелерін таныстыру.)
2 - сайыс «Кім жүйрік - ойға!»
Викториналық сұрақтар:
1. Ең кіші жай.
2. Әлем картасында Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
3. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?
4. Келтірілген квадрат теңдеуді шешу формуласын дәлелдеген математик.
5. Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді.
6. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер.
7. Пифагор теоремасы.
8. sin 30° мәні.
9. Бір жылда неше тәулік бар?
10. Суда қандай тас болмайды?
3 - сайыс
«Әр қолдың өз ісі!»
Суретшілер сайысы. Екі топтан екі оқушы шығып, екі қолына екі бор алып, сурет салу.

4 - сайыс
«Қызықты эстафета»
1 - топқа т, ң, е, г, ү, б, і, р, е, ң.
2 - топқа б, р, ұ, ы, ш, н, а, с, м, қ.
Берілген әріптер бойынша, сұрақтарға жауап бере отырып, сөздер құрастыру.

1 - топқа сұрақтар:
1. Ұлттық валюта. (теңге )
2. Дәрежеге кері амал. (түбір )
3. ... етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. (еңбек)
4. Суға еніп тұрған құрлықтың бір бөлігі. (түбек)
5. Шағатын өте кішкентай жәндік. (бүрге)

2 - топқа сұрақтар
1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс)
2. Қоянды қамыс, ерді ... өлтіреді. (намыс)
3. Өнер ағып тұрған бұлақ,
Білім жанып тұрған ... ( шырақ)
4. Бір нүктеден шығатын екі сәуледен құралған жазықтықтың бөлігі (түбек)
5. Иіс сезу мүшесі. ( мұрын)
5 - сайыс
«Жекпе - жек.»
Әр топ бір - біріне дайындап келген тапсырмаларын ұсынады.
6 - сайыс
«Жаңылмастан айтып көр!»
Математикалық жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу.
Жаңылтпаштар.
Кім сызғышсыз?
Біз сызғышсызбыз!
Сызғышсыздарға,
Сызғышсыз сызғыз.

Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең - тең бұрыш, тұтас бұрыш,
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш,
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш.

Жұмбақтар.
Математикалық таңба ол,
Білімің болса, ашасың,
Теріс сан болса астында,
Мағынасыз деп қашасың.
(квадрат түбір )

Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген.
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген.
(бөлшек сан)

Санау үшін адамды, талды, малды,
Ертеден мұра болып қалды,
Көбейтіп, бөліп, азайтып,
Қосамыз күнделікті ол санды.
(натурал сан)
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.
(икс )
7 - сайыс
«Есептермен берілген ел тарихы.»
Мәселе есептер шығару.
Қорытындылау . Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүзген кеме тұманда,
Неге адасып кетпейді.
Немесе ол бір маңда,
Төмен неге шөкпейді,
Оны сақтап қалатын,
Математика - ғылым бұл,
Сондықтан да ерінбей,
Сол ғылымның тілін біл!
16 343
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математикалық ойындар
Қызықты математикалық ойындар
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің Математика пән мұғалімі: Қанатова Талшын Иватқызы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Жанұя және математика
Жанұя және математика
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы, № 107 орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Қарақұлова Айсұлу Нұғыманқызы
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×