Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.
Мақсаты: 1. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамалары және негізгі қасиеттерін меңгерту, есеп шығаруда тиімді қолдана білуі.
2. Оқушыларды өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрісін кеңейте отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру жұмыстары
Сабақты: «Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н. Назарбаевтың сөзімен бастау.
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. Әлемнің 7 кереметі.
2. Қазақстанның 7 кереметі туралы не білеміз?
Осыған байланысты біз бүгінгі сабағымызда Маңғыстаудың 7 кереметімен танысамыз. №1 керемет «Шерқала» шоқылы тауы.
«Шерқала» Маңғыстау ауданында Ақмыш бұлағының қарсы алдында пирамида пішіндес шоқылы тау. Оның басына шығу үшін әдейі баспалдақ жол жасалыпты. Оның ұзындығы 300 метр.
«Шерқала» тапсырмасы:

Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сәуле. 2. Бұрыш. 3. Бұрыштың түрлері. 4. Бұрыштардың теңдігі.
5. ІІІ аксиомасы.
№2 керемет «Бекет Ата» ескерткіші.
«Бекет Ата» ескерткіші Үстірттің батысындағы Оғыланды жерінде, 4 бөлмелі жерасты мешітінде пір Бекет өмір сүріп, бала оқытқан. Бұл мешіт Бекет Атаның дарынды сәулеткерлігін, биік талғамының куәсі, ол халық құрмет тұтатын, әулие орын деп саналады. Жылына мыңдаған адам зиярат етеді.
Жаңа сабақты түсіндіру.
«Сыбайлас және вертикаль бұрыштар»
1. Сыбайлас бұрыштың анықтамасы.
2. Теорема дәлелдеуі.
3. Вертикаль бұрыштар анықтамасы.
4. Қасиеті, дәлелдеу.
Сызбаларды дәптерге орындатқызу.

№3 керемет «Қарақия» ойпаты.
Қарақия ойпаты әлемдегі 5 - ші, ТМД - ғы ең терең ойпат. Мұхит деңгейінен - 132 метр төмен жатыр. Түрлі ұлутастар мен бор жыныстардан тұрады. Шығыс беткейі тік жарқабақты таулар.
Кітаппен жұмыс. №77, №82.

№4 керемет? белгісіз. Сергіту сәті.
Атын табу үшін сөзжұмбақ шешелік.
1. Ұлттық валюта.
2. Елтаңба авторы.
3. Әнұранның әнін жазған кім?
4. Тудың авторы.
5. Бас қала.
6. Рәміздердің бірі.
7. Тәуелсіздігімізге неше жыл?

Олай болса, №4 керемет «Тамшалы» кешені.
Тамшалы – Түпқараған ауданында Форт - Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км - дей жерде орналасқан, табиғи су көзі. Кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Қабырғалары шып - шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған.
Тамшалы – мәдени демалыс аймағы.
№5 керемет «Шақпақ Ата» жерасты мешіті.
Шақпақ Ата ғимараты - өлкеміздегі аса маңызды тарихи сәулет ескерткіштерінің бірі. Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас - Қошақ шығанағына жақын. Өңеже тауының етегінде орналасқан.
Сурет бойынша есеп құрастыру.
50º - қа артық 70º

№6 керемет «Сейсем Ата» қауымдығы.
Сейсем Ата қауымдығы Бейнеу ауданында орналасқан. Адайлардың осы өңірге алғаш орналастырушы жолбасшылардың, батырлардың, билердің, бай - мырзалардың бейіттері осы қорымда.
Үйге тапсырма беру.§ 6. №82 есеп.

№ 7 керемет «Маңғыстау шыңыраулары»
100 адам тереңдіктен су тауып шығарған. Адайдың шебер құдықшыларының айтулы туындысы. Шыңырау құдықтың ең терең жері. Құдықтардың ең тереңдігі 6 - 65 метрге дейін жетеді. Құдық тарихы - өлке тарихы. 1870 жылы облыс территориясында 1139 құдық болса, ХХ ғасырдың басында 4200 жеткен. Құдық аттары кейде құдықшылар атымен де аталған.
Бесоқты құдығы, Маната, Мәстек, Тасорпа, Төлеп және т. б.
Сабақты қорытындылау.
Құдық тапсырмалары:
1. Сыбайлас бұрыш анықтамасы.
2. Вертикаль бұрыштар.
3. Сыбайлас бұрыштар қасиеті
4. Вертикаль бұрыштар қасиеті.

Құдық тапсырмаларын орындағанда «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы құтты болсын!» сөзі шығады. Осымен сабақты аяқтау.
Қосымша пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Маңғыстау» энциклопедиясы.
2. 2. Ауылымда ізі жатыр ұлылардың» Муса Сегізбаев.
3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» Әбіш Кекілбаев.
4. «Маңғыстау географиясы» Серікбол Қондыбаев.
5. «Геометрия» 7 - 10 сынып. Погорелов В. А.
5 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қиылысатын түзулер. Вертикаль бұрыштар
Қиылысатын түзулер. Вертикаль бұрыштар
Қиылысатын түзулер, бұрыштар туралы білімдерін кеңейтіп, вертикаль бұрыштар ұғымдарымен таныстырып, олардың қасиеттерін меңгерту; оларды қолданып, есептер шығаруды үйрету; Сауатты сызба жасауға, қорытынды шығара білуге, ой реттілігіне баулу.
Қиылысатын түзулер
Қиылысатын түзулер
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жаманова Үзілхан Жалеловна
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, № 1 мектеп лицейі математика пәні мұғалімі Токаева А
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Бұрыштар туралы білімдерін кеңейтіп, сыбайлас бұрыштар және вертикаль бұрыштар ұғымдарымен таныстырып, олардың қасиеттерін меңгерту; оларды қолданып, есептер шығаруды үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×