Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектерге амалдар қолдану

28 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жай бөлшектерге амалдар қолдануға байланысты білімдерін тереңдете түсу.
Дамытушылық. Оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Білімге, құштарлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
а) Жай бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту.
ә) аралас сандарға амалдар қолдануды меңгереді.
б) топпен жұмыс жасауды, өз ойларын ашық айта біледі.
Сабақтың әдісі: ДЖИГСО
Пәнаралық байланыс: Ән - күй
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, бейнебаян, үлестірме қағаздары.
Сабақтың барысы: I. Кіріспе бөлім
а/ Үй тапсырмасы
ә/ Топқа бөлу
б/ Ой қозғау
II. негізгі бөлім
а/Мағананы тану
ә/Джиксо әдісін қолданып оқулықпен жұмыс.
III. Қортынды бөлім
а/ Тест тапсырмалары.
І Кіріспе бөлім.
Үй тапсырмасын сұрадым.
1. Бұрыс бөлшек аралас санмен қалай жазылады?
2. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады?
3. Натурал сан аралас сан түрінде қалай жазылады?

Үш топқа бір – бірден сұрақтар берілді, топпен ақылдаса келе тақтаға мысал келтіру арқылы өз жобаларын қорғады.

<<Шәмші әндері>>, <<Ұстаз туралы әндер>>, <<Халық әндері>>, << Ана туралы әндер>> деген парақшалар арқылы сыныпты төрт топқа бөлдім.
1 – топ Ана
2 - топ Шәмші
3 - топ Халық
4 - топ Ұстаз деген атаулармен аталды.

Ой қозғау: Құмырсқалардың бейнебаянын көрсеттім.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қою арқылы
1. Бейнебаян ұнады ма?
2. Құмырсқалар не істеді?
3. Неліктен үш пирамида құрды?
4. Құмырсқалар мақсаттарына жету үшін қандай амалдар қолданды?

Бірін - бірі оқыту - стратегиясы бойынша төрт топ төрт тақырыпшаны оқулықтан бірінші жеке, екінші жұппен, үшінші топпен талқылап ортаға ұтымды деген пікірлерін А4 қағазына анықтамасын, мысал арқылы басқа топтарға түсіндіреді. Осылайша төрт топ тақырыпты аша түседі. Әрбір топтан бір оқушы шығып ойларын ортаға салады.

Сергіту сәтті: Әр топ өздерінің атауларына байланысты, бір шумақ ән қайырмасымен айтып береді.

Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтан деңгейлік тапсырмалар берілді.
№ 643 (1), (2) бөлшектерді қосуды орындаңдар.
№ 662 (8), (9) есептеңдер.
№ 690 (3), (4) бөлшектерді азайтыңдар.
№ 732 (3), (4) өрнектің мәнін табыңдар.

Бұл жерде әр оқушы жеке жұмыс жасады. Бұл жерде мұғалімнің шеберлігімен оқушыларға тапсырмалар деңгейіне байланысты беруге
болады.
Енді Джиксо әдісі бойынша №643 есепті орындағандар<< Ана>> тобына, № 662 есепті орындағандар<< Шәмші >> тобына, №690
есепті орындағандар<< Халық>> тобына, №732 есепті орындағандар<< Ұстаз>> тобына, отырады, және бір - бірлерімен пікірлеседі. Дұрыс деген жауаптарын ортаға салады. Өз орындарына қайта оралады, есеп шығаруда кеткен қателіктерін ортаға салып, қателерін дұрыстап қайта ұсынады.

III. Қортынды бөлім
Тест тапсырмаларын таратып бердім.
Тест тапсырмалары
1. Бөлшектерді қысқартуды орындаңдар. ә/34/63
2. Есептеңдер. а/1311/16
3. 7 натурал санын әр түрлі тәсілмен екі аралас санның қосындысы түрінде жаз.
а/ 7 = 23/4 + 41/4
4. Амалдарды орында а/ 7/10
5. Саяжайдағы барлық жеміс ағаштарының 4/7 бөлігі алма ағаштары, ал өрік ағаштары одан1/( 4) бөлік кем. Саяжайдағы барлық ағаштардың қандай бөлігі өрік ағаштары?

Тестке берілген уақыт біткен соң алдарына дұрыс жауабы бар парақшаны тарқатып беріп, әр бірі өзін - өзі кретериялды бағалайды, қортынды бағаны форматипті бағалау арқылы мен қойдым.
Сабақтан алған әсерлерін жазу мақсатында рефлекция парақтарын толтырттым.
3 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану. Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Аралас сандарға амалдар қолдану
Аралас сандарға амалдар қолдану
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитовна
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика пәні мұғалімі Кусниязов Т
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×