Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына есептешығару. (презентациясымен)

Сабақтың типі: өткен материалды қайталау мен бекіту
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін бекіту;
- ондық бөлшектерге қолданылатын амалдардың орындалуын ережелері бойынша айта білуге
дағдыландыру;
Дамытушылық мақсаты:
- есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
- іскерліктерін, ұқыптылық пен жылдамдықтарын дамыту;
- білім сапасын арттыру;
- пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
- логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: - оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа баулу;
- өзін және өзгені тыңдай білуге;
- сынды дұрыс қабылдай алуға;
- өзіне - өзі сенімді, өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: - интерактивті тақта;
- топтың аттары жазылған қағаздар;
- бағалау парағы.

Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен материалдарды қайталау кезеңі.
ІV. Өткен материалды бекіту.
V. Сабақты қорытындылау кезеңі
VІ. Үй тапсырмасын орындау туралы түсінік беру.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (әлеуметтік ортада жұмыс істеу ынталылығы,
ынтымақтастық.)
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
- сабаққа дайындығын тексеру;
- сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөліп, топ аттарын беру;
«Халық» банкі, «Темір» банкі, «Тұран Әлем» банкі
- сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру;
- оқушыларға өткен тақырыптардың өмірде қажеттігін ұғындыру;
- сабақ барысында жүргізілетін ойынның мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмасын әр оқушыны орындарынан тұрғызып сұрау. Қалған оқушылар көршілерінің дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді.

ІІІ. Өткен материалдарды қайталау кезеңі.
(Коммуникативтік құзырет – адамдар арасындағы сенімділік, бірін - бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, өз қателігін түсіне білу қабілеттері.) Қайталау жұмысы ұлттық ойынымыз «Асық» арқылы өтеді.
Слайд 5 (асықтың түсу түрлеріне сәйкес сұрақтарды таңдау)
Ондық бөлшектерді қосу ережесін айтып бер.

Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
Ондық бөлшектерді көбейту ережесін айтып бер
Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөлеміз?
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу
Ондық бөлшекке амалдар қолдану өмірде керек пе?

ІV. Өткен материалды бекіту.
Өмірдің ағымына сай қазір барлық жұмыстар банк арқылы жүргендіктен оқушыларға «Банк» ойыны арқылы сабақты бекіту. Оқушыларға банк дегеніміз не екенін, оның қызметін түсіндіре отырып интерактивті тақтадан топ басшысының таңдауы арқылы сұрақтарға жауап беру.
(Ұжымдық еңбек ету мен көңілді әрекетті жетістікке жетуге
негіздеу)
Слайд №12 ( Кесте: банк, бақытты сәт, депозиттер ашуға рұқсат алу, несие беру құқығы, салық, жарнама, факс, сұрақ белгісі жазылған. Сөздерді таңдау арқылы астындағы сұрақтарға жауап беру)

1) Банк – ақшамен жұмысты жүзеге асыратын, төлемдерге делдалдық жасайтын қаржы мекемесі.
2) Жарнама: оқушылар есептер шығару арқылы ойларын жинақтайды.
Слайд № 24 есепті шығарады.
Есеп: Анам жұмыстан келе жатып 1 кг, 1, 2 кг, 2, 12 кг, 3, 25 кг, 3, 45 кг сатып әкелді. Анам барлығы неше кг көкөніс әкелді.
Жауабы: 11, 02 кг

3) Несие (кредит) – белгілі бір мерзімде өсіммен қайтарылатын қаржы, қарыз.
Слайд № 18 есепті шығару
Есеп: Есепті әр топ орындарында шығарып, топ басшысының айтуымен тақтаға бір оқушы шығарады.
«Халық» банк ------------- Жауабы: 18, 59
«Темір» банк ---------- Жауабы: 27, 48
«ТұранӘлем» банк ----------- Жауабы: 3, 235

4) Салық (налог) – заң бойынша халықтан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Слайд № 26 есепті шығару

Есеп:
Машинаға 27 жәшік алма тиеді.
Әр жәшіктің салмағы 25, 5 кг. Машинаға
барлығы неше кг алма тиеді?
Жауабы: 688, 5 кг
5) Факс – электронды поштамен берілетін жедел хат.
Слайд № 27 есепті шығару

Есеп:
мына тортты сыныптағы оқушыларға тең бөлгенде, әр оқушы қандай бөлігін алады?

Жауабы: 1/16 бөліктен.
(себебі сыныпта барлығы 16 оқушы. Тортты тең 16-ға бөліп бір - бір бөліктен алады)
6) Депозит дегеніміз – салықшының Банкке олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға қайтарылуы тиіс ақша сомасы.
Слайд № 25 есепті қай топ бірінші шығарса сол топқа депозит ашу
(баға беру)
Есеп:
Жауабы: 20, 2
7) «Бақытты сәт» лотереясы. Топ басшыларына есеп. Есептің шартын алмас бұрын олар Алматы, Қостанай және туған жеріміз Меңдіқара ауданының елтаңбасын таңдайды. Әр таңбаның астында есептер жасырылған. Сол есептерді шығарады.

V. Сабақты қорытындылау кезеңі
Құрметті оқушылар бүгінгі қайталап естеріңе түсірген тақырып, ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы өмірде керек екендігіне көздеріңді жеткіздіңдер. Биылғы жұмыс жоспары бойынша жасалынған жұмыстар тексеріліп, ең үздік банк қызметкерлеріне сәйкес баға қойылады.
Қорытындылай келе «Білікті бір есеп, білімді мың есеп шығарады» - деп те айтуымызға болады. Оған көздеріңді жеткіздіңдер.

VІ. Үй тапсырмасын орындау туралы түсінік беру.
Үйге тапсырма:
1) Ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына тест құрастырып келу; Тест құрастыру үшін бірінші, дұрыс жауабын шығарып алу керек, содан кейін кейбір оқушылар мына жерден қателеседі - ау деген амалды тауап қайта шығару керек. Сол жауаптарды жасыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану. Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды сұрап жауаптарын толықтыру.
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін айыра білуді қалыптастыру. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қойылуымен ондық таңбалар санын қалай анықталуын түсіндіру.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×