Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектер (қорытынды сабақ)

24 мам 2013, Жұма
Категориясы: Математика
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектер» тарауы бойынша қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың «Ондық бөлшектер» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
2. Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; ондық бөлшектерді көбейту және бөлу амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Оқытудың әдістері: Сұрақ - жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.
Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс - әрекет
Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика, геометрия
Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайд - презентация
2. Гүл, жапырақ қималары
3. Семантикалық карта
4. Жетондар «Жасыл ел»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 - мин).
а) Сәлемдесу;
ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;
г) Назар аудару: Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғатқа серуен жасайық. Табиғатқа серуендеудің бір шарты бар. Ол - көңіл күйлерінің жақсы болуы. Ол үшін біз психологиялық тренинг жүргіземіз.
д) Психологиялық «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. әр оқушы парталас жолдасына жапырақтарға, гүлге жақсы тілектер жазып, бір - біріне ұсынады.

2. Негізгі бөлім
А) Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Бүтін менен бөлшекті,
Үтірменен айырған.
Әп - әдемі жазылар,
Айтыңдаршы, қандай сан. (ондық бөлшектер)
- Әрине, ондық бөлшектер. Ендеше біз «Ондық бөлшектер» тарауын қорытындылаймыз. Тарау бойынша үйренгенімізді ортаға салайық.
Олай болса, бүгінгі сабақтың міндет пен мақсатын өздерің анықтаңдар.
Оқушылар сабақ мақсатын өздері анықтайды.
- Ондық бөлшектерді көбейтуді жетілдіреміз;
- Ондық бөлшектерді бөлу бойынша біліктіліктерімізді дамытамыз.
- Сандарды дөңгелектейміз.
Арифметикалық ортаны табамыз.
(оқушылардың дұрыс жауаптары үшін «жасыл ел» жетондары беріледі.)
В) Балалар, табиғатқа серуен жасайық. Серуен мына бағытпен жүргізіледі:
(Сурет көрсетіледі)

Серуендеу кезінде экологиялық соқпақпен жүреміз. Соқпақ дегеніміз не? (Жол, жалғыз аяқ жол)
Иә, осы жол арқылы алдымен орманға барамыз. Орманның байлығы не?( Орманның байлығы - ағаштар. Орман ұзақ уақыт өседі және көп еңбекті қамқорлықты қажет етеді.)
Ормандағы мына бір ағаш қурап, көктемей тұр екен. Осы ағашты білім нәрімен суарайық.
(Сурет көрсетіледі)

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға, ондық бөлшекке қосу, азайту, көбейту және бөлу ережелерін айтады.
С) Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен.
Табиғатты, орманды ластайтын кімдер?( Адамдар.)
Дұрыс, осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек?( ормандағы қоқысты жинастырайық)
Дұрыс, ол үшін әрбір қоқысқа жазылған есептерді ауызша орындайық.
Д) Келесі, баратын бағытымыз – Қорық. Қорық дегеніміз не?
- Қорық дегеніміз - табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған аумақ.
Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық. Ол үшін мына семантикалық картадағы тапсырманы орындау қажет.

Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.
Жауабы: Үстірт
Үстірт қорығы туралы мәліметпен танысайық.
Орналасқан жері – Маңғыстау облысы
Құрылған мерзімі – 1984 ж.
Жер көлемі: 223, 28 мың гектар.
Жер көлемін ондық үлеске дейін дөңгелектендер.(223, 3)
Е) Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсы жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?
1. Қабылан
2. Қара құйрық
3. Қарақал
4. Үстірт арқары
Мына блок - схема бойынша есептеу жүргізіп, шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауапты табуға болады.
………….
жауабы: 1. Қабылан
К) Келесі баратын бағытымыз – «Жасыл ел» ұйымы. «Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіндер? Естігендерін, теледидардан көргендерін бар ма?
Ондағы жастар немен айналысады -?
2005 - 2007 жылдары Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары құрылды. Ұйымның жастары орман шаруашылығын дамытуға, елді мекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғызу жұмыстарына үлестерін қосады.
«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр екен. Олар көктем басталғаннан бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?
«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0, 36 бөлігін, емен ағашы 0, 12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды?
Барлық ағаш – х
Шырша – 0, 36 х
Емен – 0, 12 х
Қайың – 0, 12 х + 60
Барлығы қанша ағаш -?
0, 36х+0, 12х+0, 12х+60=х
0, 6х+60=х
х - 0, 6х=60
0, 4х=60
х=60: 0, 4
х=150
Жауабы: 150 ағаш отырғызылды.

И) Келесі нысанамыз –«Жерұйық» экологиялық орталығы болып табылады.
Ол қандай орталық, қайда орналасқанын білесіңдер ме?
Экологиялық орталық — ауданның экологиясын, жекелеген табиғат объектілерін жан - жақты зерттейді, өсімдіктер, құстар және жануарларын өсірумен айналысады
Экологиялық орталықта мынандай мәліметтер бар екен:
Көптеген аурулардың себепкері: жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады: ауаның, судың, топырақтың ластануы.
Ауаның ластануы
Зауыт үстінде ---- 0, 86
Қаланың үстінде ----- 0, 129
Ауылдың үстінде ----- 0, 01
Өзен, көлдердің үстінде ----- 0, 001
Орманның үстінде ----- 0, 0003

1. Қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықта.
2. Ауа ластануының арифметикалық ортасын тап.
3. Өзгеріс ауқымын тап

1. Орманның үстінде
2. 0, 2
3. 0, 8597

3. Үйге тапсырма.
1. Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 0, 6 - на тең. Қоян неше жыл жасайды?
2.
- Қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер жина;
- Жинақтаған мәліметтер бойынша мына төмендегі кестені толтыр.
- Жер көлемін бүтінге дейін жуықтап, есепте.
Қорықтың аты ------------- Жер көлемі ------------- Жуық мәні

4. Бағалау.
Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі. Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі.
«3» бағасы – 2 - 3 жетон жинау
«4» бағасы – 4 - 6 жетон жинау
«5» бағасы – 7 – ден көп жетонға қойылады.

5. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер!
Табиғатты қорғау керек;
Ағаш отырғызу керек;
Көктемде өз ауылымызды көркейту керек, тазалау керек;
Табиғатты ластамау керек.
«Табиғатты, аялайық достар» деген сөзбен сабағымызды қорытындылаймыз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 740
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Санның бөлігін табу
Санның бөлігін табу
Оқушылардың «Санның бөлігін табу» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне ықпал ету; Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу
Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, ондық бөлшектерге амалдары бойынша біліктерін дамыту. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге табиғатты сүюге баулу болашақ табиғат жанашыры болатын рухани жан
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×