Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақытты сәт

10 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
«Бақытты сәт» математикалық ойыны
Мақсаты:
1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, есеп құмарлыққа баулу.
2. Алған білімдерін тиянақтау, дамыту, сана сезіміне сіңіру, дарындылығын анықтау.
3. Ұйымшылдыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: І. Ұйымдастыру

І. «Кім көп біледі, сол ұтады» атты сұраққа жауап сайысы:
І. 1. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар
2. 0 - ден үлкен сандар
3. Қарама - қарсы сандардың қосындысы
4. Ең кіші жай сан
5. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі
6. Алымы бөлімінен кіші бөлшек
7. Берілген шаманың 1/100 бөлігі

ІІ. 1. Натурал сан, нөл, натурал санға қарама - қарсы сандардан тұратын сандар
2. Айырмашылығы тек қана таңбаларында болатын сандар
3. Оң сандардың қосындысы
4. Ең кіші натурал сан
5. Үш теріс санның көбейтіндісі
6. Алымы бөліміне үлкен бөлшек
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі

ІІІ. 1. Бүтін сандар, оң және теріс бөлшек сандардан тұратын сандар
2. 0 - ден кіші сандар
3. Өзара кері сандардың көбейтіндісі
4. Бүтін бөлігі және бөлшек бөлігі бар сандар
5. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі
6. Алымы мен бөлімі тең бөлшек
7. Тік бұрыштың градустық өлшемі

IV Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп аталатын келесі бөлім сауалнамаға жауап сайысы:

I. 1. Екі санның бөліндісі сол сандардың... деп аталады.
1. көбейтіндісі
2. қатынасы
3. бөлінгіші
2. Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің... тең.
1. қосындысына
2. көбейтіндісіне
3. айырмасына
3. х: 20=2: 5 қатынасының белгісіз мүшесі... тең 1. 1. 50 - ге
2. 8 - ге
3. 2 - ге
4. Егер бір шама бірнеше есе артқанда, екінші шама сонша есе артатын болса, онда мұндай шамалар.... деп аталады. 1. тең шамалар
2. тура пропорционал шамалар
3. кері пропорционал шамалар

II. 1. а санының в санына қатынасының жазылуы...
1. а - в
2. в: а
3. а: в
2. Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі оның ортаңғы мүшелерінің... белгілі шеткі мүшесіне бөлгенде тең. 1. қосындысын
2. бөліндісін
3. көбейтіндісін
3. 5: 9=15: x пропорциясының белгісіз мүшесі -...
1. 3 - ке
2. 17 - ге
3. 27 - ге
4. Егер бір шама бірнеше есе артқанда екінші шама сонша есе кемитін болса, онда мұндай шамалар... деп аталады. 1. Тең шамалар
2. тура пропорционал шамалар
3. кері пропорционал шамалар

III 1. Пропорция дегеніміз -... 1. екі қатынастың теңдігі
2. екі санның қатынасы
3. екі қатынастың бөліндісі
2. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне... тең 1. бөлгенге
2. көбейткенге
3. қосқанға
3. 6: 11=х: 55 пропорциясының белгісіз мүшесі... тең.
1. 6 - ға
2. 25 - ке
3. 15 - ке
4. Егер бір шама бірнеше есе кемігенде екінші шама сонша есе кемитін болса, онда мұндай шамалар... деп аталады. 1. тура пропорционал шамалар
2. кері пропорционал шамалар
3. тең шамалар

III «Ұштап ойды тағы бір, Тереңінен ойлай біл!» деп аталатын келесі бөлімде: 4 санын 4 рет пайдаланып арифметикалық амалдар арқылы алғашқы 10 натурал санды қалай алуға болады?
1=4 4 4 4 ---------------- 6=4 4 4 4
2=4 4 4 4 ---------------- 7=4 4 4 4
3=4 4 4 4 ---------------- 8=4 4 4 4
4=4 4 4 4 ---------------- 9=4 4 4 4
5=4 4 4 4 ---------------- 10=4 4 4 4
Бұл есеп шығару кезінде ән орындалады.

IV «Қызықты математика» бөлімі:
1) Ерте заманда бір адамға қасқыр, қой және бір бау шөпті бірін - біріне жегізбей, судан алып өту қажет болған. Судың жағасында бір ғана қайық бар және қайыққа әлгі адам өзімен бірге бір ғана орынға не қасқырды, не қойды, немесе бір бау шөпті алып өте алады. Сонда әлгі адам бір - бірлеп қандай әдіспен үшеуін судың екінші жағасына алып өте алады?
2) 5 алма бар. Келген бала алтау. Осы бес алманы алты балаға тең етіп бөліп беру керек. Бірақ ешбір алманы 6 бөлікке, не одан да көп бөлікке бөлуге болмайды.
3) Өзеннен 3л және 5л ыдыстар көмегімен 4л суды қалай өлшеп алуға болады.
4) ОҚУ+ЖАЗУ=БІЛІМ қосындысындағы әріптердің орнына сәйкес цифрларды тауып жаз.

Сөзжұмбақ «Математика»
Сұрақтар:
1) Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын қалай атайды? (масштаб)
2) Санақ басы бар түзу? (координаталық)
3) 2ах қандай өрнек деп аталады? (әріпті)
4) Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпі бар теңдік? (теңдеу)
5) 500000+500000 қосындысы? (1000000)
6) Бөлгіші екіден көп натурал сандар қалай аталады? (құрама)
7) Р=2а+2в ненің формуласы (периметр)
8) Тұңғыш арифметиканы ойлап тапқан кім? (Диофант)
9) Математикалық амалдың бірі? (көбейту)
10) Шеңбер нүктесі мен центрді қосатын кесінді? (радиус)
V. Қорытындылау.
7 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан әртүрлі "Логикалық есептер"
Математикадан әртүрлі "Логикалық есептер"
Математикадан әртүрлі "Логикалық есептер" 1. Тақтаға әртүрлі натурал сандар жазылған. Олардың ішіндегі ең кіші екеуінің көбейтіндісі 16 - ға тең, ал ең үлкен екеуінің көбейтіндісі 225 - ке тең. Тақтадағы сандардың қосындысы қаншаға тең?
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету, тақ сандар, жұп сандар, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
Өзара кері сандар
Өзара кері сандар
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Урисбаева Жанат Алдамуратовна
Математикалық марафон
Математикалық марафон
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×