Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы оқушы

19 қыркүйек 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Мақсаты: Математика пәніне қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлау дағдысын
дамытуға ықпал ету;
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Математикалық сайыс.
Әдісі: Сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Слайдтар, компьютер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сайысқа қатысатын оқушылармен танысу.
2. Сайыс шартымен таныстыру:
1 - кезең Бәйге. 2 - кезең Дода. 3 - кезең Көкпар. 4 - кезең Тіл - өнер. 5 - кезең Жорға.
Әр кезеңнен кейін ұпай саны төмен 2 оқушы ойыннан шығып отырады.
1 - кезең Бәйге.
1. Бұрышты өлшейтін құрал.
2. Дәлелденбейтін ұйғарым.(аксиома)
3. Екі нүктенің арасындағы түзу.
4. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
6. sin 45 мәні.
7. 18 санының квадраты.
8. 100жылдың басқаша атауы.
9. 5санына кері сан.
10. Ең кіші үш таңбалы сан.
11.√361мәні.
12.«Эврика» сөзі кімнің сөзі.
13. Қиылыспайтын түзулер.
14. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.
15. 50 - дің ½ бөлігі.
2 - кезең Дода.
Математика. 10. Қарама - қарсы сандардың қосындысы.(ноль)
20. 80 санының 25%- ын тап.(20)
30. Поезд тұрақты жылдамдықпен бірқалыпты жүріп 2 сағатта 144км жол жүрді. 5 сағатта қанша
жол жүреді? (360км)
40. Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы (масштаб)
50. Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себеттегі алма оның 5/8 бөлігіндей. Екі себетте неше алма
бар?(78)
Алгебра 10. ax²+bx+c=0 теңдеуі қалай аталады?
20. Sin45°+cos45° мәні
30. X²- 2x - 48=0, D=?
40. Теңдеуді шеш: 5x2+4x - 1=0
50. x - 6y=17
5x+6y=13
Геометрия. 10. Пифагор теоремасы.
20. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 15см, бір катеті 9см болса, екінші катетін тап.
30. Үшбұрыштың бұрыштары 7: 5: 6 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең кіші
бұрышын тап.
40. А(1; 1) және В(- 1; 1) нүктелерінің арақашықтығын тап.
50. Параллелограммның екі қабырғасының қатынасы 3: 5 қатынасындай, периметрі
48см. Параллелограмның қабырғаларын тап.
3 - кезең Көкпар.
Ата - бабаларымыз ертеден келе жатқан әдет бойынша бір нәрсенің ұзындығын немесе қалыңдығын өлшегенде “шынтақ елі”, “бір елі”, “кере қарыс”, “сынық сүйем” деген қол өлшемдерін пайдаланады. Осы өлшемдердің ішінен біреуі бөлшек ұғымын білдіреді. Ол қайсысы?
А) шынтақ елі В) бір елі С) кере қарыс Д) сынық сүйем+
2. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш
А) параллелограмм В) трапеция С) ромб + Д) тік төртбұрыш
3. Әріпті өрнекті енгізген XVI ғасырдың көрнекті математигі?
А) Евклид В) Рене Декарт С) Франсуа Виет + Д) Карл Гаусс
4. “Алгебра” оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім?
А) А. Байтұрсынов В) Қ. Сәтпаев+ С) О. Жәутіков Д) Ы. Алтынсарин
5. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы?
А) О. Жәутіков + В) К. Исақов С) С. Сыдықов Г) Б. Байқадамов
4 - кезең Тіл - өнер.
1. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір - бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар?
2. Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
3. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады?
4. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді. Қанша торғай қалды?
5. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен оның біреуін сөндірдің, қанша майшам қалды?
5 - кезең Жорға.
1. 60 - тың 20%- ы. (12)---------------------------------1. 90 - ның 30%- ы.(27)
2. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? ----2. Тік бұрыш нешеге тең?
3. 3/4 - ке кері сан.--------------------------------------3. 4/5 - ке қарама - қарсы сан.
4. Радиус деген не?-------------------------------------4. Хорда деген не?
5. 121 нешенің квадраты?-----------------------------5. 16 - ның квадраты.
6. Трапецияның орта сызығы неге тең?-----------6. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
7. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдік.-------7. Синустың косинусқа қатынасы
8. Параллель түзулер қандай түзулер?------------8. Перпендикуляр түзулер.
9. Екінің алтыншы дәрежесі--------------------------9. Үштің бес дәрежесі.
10. Биссектриса деген не?----------------------------10. Медиана деген не?
11. Синус неше градуста бірге тең?----------------11. Косинус неше градуста нольге тең?
12. Ең үлкен екі таңбалы сан?(99)------------------12. Ең кіші натурал сан?
13. Квадрат теңдеудің қай кезде 2түбірі бар?--13. Кв. Теңдеудің түбірі жоқ.
14. Екі қатынастың теңдігі(пропорция)-----------14. Екі санның бөліндісі басқаша қалай аталады?
15. Жай сандар қандай сандар?--------------------15. Құрама сандар қандай сандар?
9 039
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика
Қызықты математика
Математиканың жан жақты екендігін көрсету. Әртүрлі ойлау, ойнау әдістерін қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын ояту болып табылады.
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды шоу)
ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды шоу)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Математика көшбасшысы
Математика көшбасшысы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×