Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалды шоу)

08 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
ИФМ апталығы
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ (интеллектуалды шоу)
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
♦ 1 кезең БӘЙГЕ
♦ 2 кезең ҒАЖАЙЫП ҮШТІК
♦ 3 кезең ДОДА
♦ 4 кезең ЖОРҒА

1 - кезең «Бәйгеде» берілген сұрақтарға тетікті бірінші болып басқан оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 баллдан есептеледі.
2 - кезең «Ғажайып үштікте» оқушылар тор көзді таңдап, жауап берген жағдайда сол ұпай беріледі. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
3 - кезең «Додада» балдық жүйелермен тақырыптар беріледі. Қалаған тақырыбы және балдық жүйесі бойынша сұраққа жауап бере алады. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.
4 - кезең «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке - жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс. Ұпайы көп оқушы жеңімпаз аталады.

І айналым БӘЙГЕ
Математика
1. Математика королі (неміс математигі К. Гауус)
2. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең? (0)
3. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
4. Ең кіші жай сан (2)
5. π - дің жуық мәні (3. 14 )

Физика
1. Ағаш зат па, нәрсе ме? (Зат )
2. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
3. Бірінші космостық жылдамдық (8км∕с)
4. Еркін түсу үдеуінің мәні (9, 8м∕с²)
5. Элементар электр зарядының абсолют мәні (1, 6 * 10 - 19 Кл)

Информатика
1. Қоршаған орта туралы мәлімет. (ақпарат)
2. Сегіз биттен тұратын топ (байт)
3. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат (файл)
4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

ІІ айналым. ҒАЖАЙЫП ҮШТІК
1) 1. 56 санының 25 пайызын тап
2. Денелердің сұйықта жүзу шарты: Fa>FA
3. Қарапайым есептеулерді жүргізетін бағдарлама

2) 1 125 санының 20 пайызын тап
2 Молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатынын бірінші ашқан ағылшын ботанигі
3. Ең ұзын перне

3) 1. √256 нешеге тең?
2 Атомның планетарлық моделін жасаған ғалым
3. Санау жүйесі нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?

4) 1. Шеңбердің ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең?
2. Таза музыкалық дыбыс шығаратын құрал
3. Қазіргі кезде кең тараған операциялық жүйе
5) 1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда
2. Атомның радиусы
3. Слайд жасауға арналған бағдарлама
6) 1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
2. Планк тұрақтысы нешеге тең?
3. Интерфейс деген не?

ІІІ айналым. Дода
Математика - 10
«Математик болу үшін ақын жанды болу керек» бұл кімнің сөзі

Математика – 20
Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1, 5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?

Математика – 30
|х - 4|=7 теңдеуінің түбірін тап
Физика – 10
Заттардың өте ұсақ бөлшектерден құралатынын ертеде айтқан кім?

Физика – 20
Қай ғалым дене еркін түскенде бір қалыпты үдемелі қозғалыста болатынын, үдеуі барлық денелер үшін бірдей екенін тапты?
Физика – 30
Қазақтың ақ жаулығының пайдасы неде?
Информатика – 10
Қытай тілінен аударғанда “суан - пан” қандай мағынаны білдіреді?
Информатика – 20
Операциялық жүйе нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?

Информатика – 30
Ада Лавлейс қай жылы Бэббидж машинасына арнап бағдарлама жазды?

ӘР ТҮРЛІ – 10
Музыкалық сұрақ:
Бұл киноны түсірген киностудия неге Болливуд деп аталды?
ӘР ТҮРЛІ – 20
Глобусты ойлап тапқан кім?
ӘР ТҮРЛІ – 30
Мысыр үшбұрышының қабырғалары неге тең?

ЖОРҒА
А нұсқасы
1. Кесіндіні өлшейтін құрал? (сызғыш)
2. Сұйықтың көлемін қандай құралмен өлшейді? (мензурка)
3. Дыбыс жазуға арналған құрылғы(микрофон)
4. 63 құрама сан ба? ( ия )
5. Жарық жылдамдығы нешеге тең? (3 * 108 м\с)
6. Принтердің неше түрі бар? ( 3 түрі бар )
7. Sin 45º мәні неге таң? (√2∕2)
8. Дене қызуын сипаттайтын шама (температура)
9. Сол жақтағы символды өшіретін перне (Backspace)
10. 5 - ке қарама - қарсы сан ( - 5 )
11. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)
12. Иілгіш диск қалай аталады ( дискета )
13. Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99 )
14. Ең үлкен ғаламшар (юпитер)
15. Жай кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?
(Word бағдарламасында орындалатын кестені жай кесте дейміз)

Б нұсқасы
1. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
2. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
3. Дыбыс шығаруға арналған құрылғы (колонка )
4. 73 жай сан ба? (ия)
5. Судың қату температурасы ( 0 C)
6. Калькулятордың неше түрі бар? ( 2 )
7. Cos45º мәні неге тең? ( √2∕2)
8. Орын ауыстыруды сипаттайтын шама (жол)
9. Оң жақтағы символды өшіретін перне (Delete)
10. 9 - ға кері сан (1∕9)
11. Кернеуді өлшетін құрал (вольтметр)
12. Қатқыл диск қалай аталады?(винчестр )
13. Ең кіші екі таңбалы сан (10)
14. Ең кіші ғаламшар (плутон)
15. Электронды кесте дегеніміз не? Ол қай бағдарламада орындалады?
(Excel бағдарламасында орналасқан дайын кесте.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 727
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы Қызылорда қаласы №7 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×