Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика көшбасшысы

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
«Математика көшбасшысы» сайысы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
1 - жүргізуші: Армысыңдар, ағайындар,
Ағайын тілін табайын
2 - жүргізуші: Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар
1 - жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жаздар
2 - жүргізуші: Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер
1 - жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
2 - жүргізуші: Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
1 - жүргізуші: Енді кешті бастайық
2 - жүргізуші: Екеуміз енді саспайық
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1 - жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
2 - жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1 - жүргізуші: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер - деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1. Директордың оқу ісінің меңгерушісі
2. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі
3. Мектеп психологы
2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс жеті кезеңнен тұрады. Таныстыру, бәйге, көкпар, ғажайып жетілік, тіл - өнер, жорға, және жекпе - жек. «Бәйге» кезеңінен кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушы, «жеті жұмбақ» кезеңінен кейін бір оқушы, «тіл өнер»кезеңінен кейін бір оқушы, «Жорға» кезеңінен кейін бір оқушы ойыннан шығады. «Жекпе - жек» кезеңіне екі оқушы қалады.
Кешті 11 сынып оқушысы ------------------- «Қарлығаштар» әнімен бастайық.
1. Таныстыру
1) 8 «а» сынып оқушысы ----------------------- оқу үздігі, аудандық пән олимпиадасының жүлдегері.
2) ) 8 «а» сынып оқушысы -------------------- - оқу озаты, мектептің қоғамдық жұмысының белсендісі.
3) 8 «ә» сынып оқушысы --------------------- аудандық тарих пәні олимпиадасының жүлдегері
4)
5)
6)
7)
2 - жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім біріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені көріңіз.

ІІ Бәйге
1) 56 санының 75 пайызын табыңыз:
А) 40 В) 42 С) 44 Д) 46 Е) 48
2) 12 - ні 10 есе арттыр (120)
3) 62 - 6 неге тең? (30)
4) Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
5) Қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10)
6) Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)
7) «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)
8) Бір жазықтықта жатпайтын, бір - бірімен қиылыспайтын түзулер (айқас)
9) Минуттың алпыстан бір бөлігі (секунд)
10) Кері сандардың көбейтіндісі (1)
11) Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
12) Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)
13) Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
14) Ең алғашқы әйел математик (С. В. Ковалевская)
15) 52 - 5 неге тең (20)
16) 25 пайыз санның қандай бөлігі (төрттен бір бөлігі)
17) Бір жазықтықта жататын, бір - бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)
18) 1 саны қандай сандардың көбейтіндісі (кері сандардың)
19) Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұлама ғалымы кім? (Әл - Фараби)
20) Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
х+у=7
Х - у=1
А) (6; 1), В) (5; 2) С) (4; 3) Д) (3; 4) Е) (2; 5)
8»ә» сынып оқушылары------------------------------------орындауында ән «Астана»
21) Көбейткіштерге жікте: х(р - а)+у(а - р)- z(р - а)
А) (р - а)(х+у+z) B) (p - a)(x - y - z) C) (p+a)(x - y - z) D) (p+a)(x+y+z) E) (p - a)(x - y+z)
22) Үшбұрыштың бұрыштары 7: 5: 6 сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыз.
А) 500 В) 600 С) 700 Д) 300 Е) 400
23) Есептеңдер: 982 - 98*88
А) 1000 В) 99 С) 98 Д) 980 Е) 990
24) 18 пайызы 9 болатын санды табыңдар.
А) 50 В) 60 С) 65 Д) 70 Е) 75
3 «а» сынып оқушысы ---------------------------- орындауында ән «Ой, көк».
1 - жүргізуші:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық сандық
Математикалық сандық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Математика - кең өрісті ғылым
Математика - кең өрісті ғылым
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
Математикалық марафон сайыс
Математикалық марафон сайыс
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық марафон» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×