Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

02 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту[/b]
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшекті натурал санға көбейтіп, үтірлерді дұрыс қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өзін - өзі тексеру, өзінің білім деңгейін өзгелермен салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың ұраны: Намысымды қамшылап, өзімді - өзім тексерсем, білімдегі биігім асқар тауға жетеді.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр оқушының бағалау бетшелері, диктант, бағалау үлгісі, ереже шығару карточкасы.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты, ұраны, ерекшелігі, жүріс тәртібі түсіндіріледі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Үй жұмысын қорытындылау
1. Үй жұмысында қандай амалдар орындадыңдар?
2. Ондық бөлшектерді қосу үшін не істейміз?
3. Ондық бөлшектерді азайту үшін ше?

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін математикалық диктант орындаймыз:
1. Нөл бүтін жүзден бес (0, 05).
2. Екі бүтін мыңнан бір (2, 001).
3. Он жеті бүтін жүзден отыз алты (17, 36).
4. Отыз бес бүтін оннан екі (35, 2).
Жаңа тақырып: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
1. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек.
2. Шыққан көбейтіндіде оң жақтан ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, сонша цифрды үтірмен айыру керек.
5. Санаға сіңіру.
1 - мысал
4, 23
* 5
21, 15
Үтірден соң екі сан бар, демек шыққан көбейтіндіден оң жақтан екі саннан соң үтір айырамыз.
2 - мысал
0, 009
* 7
0, 063
Үтірден соң үш сан бар, демек шыққан көбейтіндіден оң жақтан үш саннан соң үтір айырамыз.
6. Дербес жағдайлар.
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т. с. с разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.
7, 465*10=74, 65
7, 465*100=746, 5
7, 465*1000=7465
7, 465*10000=74650

7. Қасиеттері.
Ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.
1) 2, 81*3=3*2, 81
2) (3*2, 5)*4=3*(2, 5*4)
3) (6, 3+2)*5=6, 3*5+2*5
8. Бекіту (Кітаппен жұмыс)
№1080 (1, 3, 5, 7)
1) 6, 3*7=44, 1
5) 8, 31*14=116, 34
9) 2, 15*12=25, 8
2) 9, 6*8=76, 8
7) 9, 03*7=153, 51
№1081 (2, 4, 6, 8)
2) 13, 7*10=137
6) 8, 071*100=807, 1
4) 7, 549*100=754, 9
8) 12, 7*1000=12700

9. «Кім алғыр» ойыны.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?
2. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі бесінші сыныптан қолынан тастамайды. Ол өзі бір ерекше зат, өлшеп - өлшеп алып, түр - түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың қатты көтерілгенде мамаң да, дәрігер де қайта - қайта айтып қоймайды. Бұл не?
3. Ұшақ Астанадан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?
4. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 км шапшаңдықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті?
5. «Ойымды жалғастыр...»
Жеті жұрттың тілін біл...
6. Жұмбақты шеш
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
7. Көңілді санау.
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш
Тіс ысқышты тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
10. Үй жұмысы
№1080 (2, 4, 6, 8); №1081 (1, 3, 5, 7, 9)
11. Бағалау, мадақтау.
12. Қорытындылау.

Бағалау үлгісі
«5» алу үшін 10 және одан көп
«4» алу үшін 7 - 9 аралығы
«3» алу үшін 4 - 6 аралығы
Бағалау бетшесі
Үй жұмысы. Математикалық диктант. Жаңа тақырыпқа қатысуы. Кітаппен жұмыс. «Кім алғыр» ойыны. Қорытынды
18 834
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және ондық бөлшектерді салыстыра білу. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, салыстыра білуге дағдыларын қалыптастыру.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің алгебра және геометрия пәндерінің мұғалімі Жүсіпова Айткүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×