Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Домбырасыз ән қайда?

14 шілде 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Домбырасыз ән қайда»
Мақсаты: білімділігі: Домбыра аспабы туралы білімдерін кеңейту. Ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздеріне тоқталып, түсіндіру.
дамытушылығы: Күй тыңдату, ән айтқызу арқылы балалардың домбыра аспабына деген қызығушылығын дамыту.
тәрбиелілігі: Домбыра аспабында ән айту арқылы ұлттық өнерге тәрбиелеу.
Методикалық әдіс тәсілі:
Ән тыңдау:
Ән айту: Қ. Шілдебаев «Домбыра» әні
Әуенді қимылды би: «Көңілді аспаптар» биі
Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспапты тиісті орнына қой» ойыны
Музыкалық аспапта ойнау: Домбыра аспабы
Көрнекілік құралдары: Күйші, сазгерлер туралы, домбыраның құрылысы туралы дайындалған слайд, барлық музыкалық аспаптар, ойын атрибуты.

(Саз жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады. Жылу шеңберіне шақырып, амандасады, шаттық әнін шырқайды.)
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Саз жетекшісі: Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қоржын
Саз жетекшісі: Бұл қоржында не бар екееен, қарайын. (Саз жетекшісі қоржыннан асық алып көрсетеді.) Бұл не балалар?
Балалар: Асық
Саз жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, бұл асық. Біз қазір қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» арқылы бүгінгі іс әрекетімізде не үйренетінімізді біліп отырамыз. Алдымен, асық ататын баланы санамақ арқылы шығарайық. Қане, кім санамақ айтады?
(асық құлатқан бала тақтада жабулы тұрған қағазды ашып, қағазда не бейнеленгенін айтады.)
Саз жетекшісі: Балалар, тақтадағы қағаз бетінен ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар: Домбыраның суреті
Саз жетекшісі: Бүгін біз қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы айтамыз.
Домбыра аспабы неден жасалады деп ойлайсыңдар?
Балалар: Ағаштан жасалады
Саз жетекшісі: Домбырада не ойналады?
Балалар: Күй орындалады. Ән орындалады
Саз жетекшісі: Тағы да асық атамыз ба, балалар?
Балалар: Иә атамыз.
Саз жетекшісі: Тақтадағы ненің суреті?
Балалар: теледидардың
Саз жетекшісі: Ендеше, экранға назар аударайық
(экраннан шеберханадағы домбыраның жасалу жолдары туралы түсірілген бейнетаспа көрсетіледі).
Саз жетекшісі: Сендерге ұнады ма. балалар?
Балалар: Ұнады.
Саз жетекшісі: Қане, тағы да асық атайық.
Тақтадан ненің суретін көріп отырсыңдар?
Балалар: Құлақтың
Саз жетекшісі: Құлақ бізге не үшін керек?
Балалар: Есту, тыңдау үшін керек
Саз жетекшісі: Ендеше, зейін қойып, үнтаспадан күй тыңдайық.
Құрманғазының күйі "Адай"
Саз жетекшісі: Балалар, сендер үнтаспадан не тыңдадыңдар?
Балалар: Күй тыңдадық
Саз жетекшісі: Күйдің сөздері бола ма екен?
Балалар: болмайды.
Саз жетекшісі: Домбыра аспабында ән де орындалады. Балалар, күйдің атасы кім
еді? Күй анасы кім?
Балалар: Күй атасы Құрманғазы ата, Күй анасы Дина әже
Саз жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар. Қане, тағы да асық атайық.
Ал, мына суретте не бейнеленген?
Балалар: Ауыз бейнеленген
Саз жетекшісі: Ауыз бізге не үшін керек?
Балалар: Сөйлеу үшін керек. Ән айту үшін керек.
Саз жетекшісі: Ендеше, жаңа ән үйренейік. Бүгін біз Қуат Шілдебаевтың «Дом быра» әнін үйренеміз. Балалар, әннің сөзін кім жазады? Музыкасын кім жазады?
Балалар: Әннің сөзін ақындар жазады, музыкасын сазгерлер жазады.
Саз жетекшісі: Сендер кім деген сазгерлерді білесіңдер?
Балалар: Ибрагим Нүсіпбаев, Қуат Шілдебаев, Ахмет Жұбанов, Шәмші Қалдаяқов, Кеңес Дүйсекеев, Бекболат Тілеуханов.
Саз жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар. "Домбыра" әнін мен сендерге домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындап беремін.
(саз жетекшісі әнді орындайды. балалар зейін қойып, қызыға тыңдайды.)
Саз жетекшісі: Балалар, ән ұнады ма сендерге? Әнде не туралы айтылады?
Әннің ырғағы жай ма, тез бе? Ән қандай көңілді ма, көңілсіз ба?
(Балалар жауабы)
Саз жетекшісі: Балалар, әнді таза, әдемі орындау үшін не істейміз?
Балалар: Дауысымызға жаттығу жасаймыз
Саз жетекшісі: Музыкада неше дыбыс бар? Қалай аталады?
Балалар: Жеті дыбыс бар. До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си
Саз жетекшісі: Орындықта денемізді тік ұстап отырып, жеті дыбысты әндетіп айтайық. Жоғарыға қарай қатты айтамыз, төменге қарай жай айтамыз
(Балалар даусына, ерніне, езуге жаттығу жасайды)
Ән айту: Қ Шілдебаев "Домбыра"
(Балалар әннің сөзі мен әуенін зейін қойып тыңдап, бір шумағын тез жаттап алады.)
Саз жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар! Асық ату ойынымызды жалғастырайық.
Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар: Биші қыздың суреті
Саз жетекшісі: Ендеше, біз қазір не істейміз?
Балалар: билейміз
Саз жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, қане, ортаға әдемі шеңбер құрайық.
"Көңілді аспаптар биін" билейік.
Саз жетекшісі: Балалар, тақтада соңғы суретіміз қалыпты оны ашу үшін не істейміз?
Балалар: Асық атамыз.
(Бір бала асық атып суретті ашады)
Саз жетекшісі: Бұл ненің суреті
Балалар: Ойнап жүрген балалар суреті
Саз жетекшісі: Ендеше біз де ойын ойнайық. Балалар, менде ғажайып қорап бар. Ал, оның ішінде не бар екеен? (Балалар қызыға, таңдана қарайды.)
Саз жетекшісі: Бұл қораптың ішінде қызықты ойын бар екен. Қане, бәріміз "Аспапты тиісті орнына қой" деген ойын ойнаймыз. (Балалар ойынды ұйымшылдықпен ойнайды.)
(Саз жетекшісі балаларға бүгін не үйрендік? теледидардан не көрдік?
қандай аспаппен таныстық? қандай аспаппен би биледің? қандай ойын ойнадық? т. б іс әрекетке қатысты сұрақтар қою арқылы қорытындылайды.)
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар ән, әнші, күй, күйші, сазгер, ақын сөздерінің мағынасын
біледі. Ән мен күйді ажырата біледі.
Меңгерді: Балалар музыкалық аспаптарда ырғақпен ойнауды меңгерді
Жасай алады: Балалар би қимылдарын, дауысқа жаттығуды жасай алады.
14 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нағыз қазақ – домбыра
Нағыз қазақ – домбыра
Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Ән-күй шежіресі
Ән-күй шежіресі
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Музыка Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×