Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Өнерлі өрендер" ән сайысы

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
"ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР" ӘН САЙЫСЫ 3 - 4 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА

Сайыстың тақырыбы: "Өнерлі өрендер"
Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өнерпаздарды жан - жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай, еркін орындауға бейімдеу, талап пен шеберлігін шыңдау.
Көрнекілігі: Зал ішін мерекеге сай безендіру. Гүлдер, шарлар, фотостенд, музыка техникасы.
Түрі: Сайыс.
Сайыстың барысы:

1 - жүргізуші:
Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
"Өнерлі өрге озар", - дейді халқым -
Бұл кеште бар өнерді ұсынамыз.
Қазақтың қайтпас қайсар қыранымыз,
Болашаққа жол бастар ұланымыз,
Алдымызда - арман көп, таудай талап,
Өздеріңе арналар жыр - әніміз.

2 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті, өнер сүйер қауым. Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар, қымбатты достар. "Өнерлі өрге жүзер", - дейді дана халқымыз.
Олай болса, жас өрендеріміздің өнерлерін тамашалауға қош келіпсіздер.
Балауса қанат жас өнерпаздарымызды қолдап, қошеметтеп отырайық, ағайын!

1 - жүргізуші:
Құрметі кешімізге жиналған қауым! Сіздерді бүгінгі сайысымыздың әділ қазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
-------------------
2 - жүргізуші:
Олай болса, барлық өнерлі өрендерімізге сәттілік тілей отырып, өнерлеріңіз биікке өрлей берсін деген тілекпен, сайысымызды бастаймыз.

1 - жүргізуші:
Өзі де ерке, сөзі де ерке - Айдана
Жақсы ісімен көрінеді қайда да,
"Ерке қыздай" әсем әнін шырқайды
Өнерімен тамсандырып ортада - деп, ортаға алғашқы сайыскеріміз 3ә сыныбы оқушысы ---------------------------- "Ерке қыз" әнімен ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман - тоғай, көлімізді. Келесі кезекте 3 б сынып оқушысы --------------------------- "Туған ел" әні
1 - жүргізуші:
Ардақты ұстаз - білім берген балаға,
Білімімен шырақ жаққан санаға.
Ақ жүректен пәк сезімін арнайды,
Қарақаттай қыздарыңыз ортада.
4 ә сынып оқушысы -------------------- орындауындағы "Ардақты ұстазым" әнін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Ардақтаған аяулы, асыл әжем,
Өзіңе еркелейді бар немерең,
Жаңажыл Сағындықтай балаларың,
Ортада - "Асыл әжем" әніменен.
Наурыз айы - аналар мерекесі. Олай болса, барлық аналар мен әжелерді мейрамымен құттықтай отырып, 3 сынып оқушысы ------------------------ "Асыл әжем" әнін жолдайды.

2 - жүргізуші:
Ақ көбелек, көк көбелек, көбелек,
Гүлден - гүлге қонар, шырын себелеп,
Қарсы алыңдар "Гүл - көбелек" әнімен,
Ақтотыдай қыздарыңды елегезек.
Ортада 3 б сынып оқушысы ---------------------------- қыздарыңыз "Гүл - көбелек" әнімен.
Қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Әке - асқар тау, сүйеніші баланың,
Демеп жүрер әрбір басқан қадамын.
Келесі ән әкелерге арналар -
Қол соғыңдар, өнеріне Мұратбектей балаңның
- демекші 4 а сыныбы оқушысы --------------------------- өзінің "Әке" әнін әкелерге арнайды.

2 - жүргізуші:
О, туған жер, кең пейіл, құшағы кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен,
Сағынышты қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан мынау,
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған - ау.
Ортада 3 а сынып оқушысы --------------------------------- "Туған жер" әнімен

1 - жүргізуші
Алдарыңда"Көңілді күн"әнімен
Нәзік гүлдей гүл жайнаған сәнімен
Қарсы алыңдар Бәйкелова Іңкәрді -
Әуелетер әсем әнді нәрімен
Келесі тыңдайтындарыңыз 4 ә сынып оқушысы --------------------------- орындауында "Көңілді күн" әні.
2 - жүргізуші:
Батыр ата Бауыржанға ұқсаған,
Біздерде бар жігерлі өрен Бауыржан.
"Сапқа тұр" әнін өздеріңе арнайды.
Жас қыранның ақ тілегін қабыл ал,
Бабалардың ерлік жолын жалғаған.
3 б сынып оқушысы ------------------------- "Сапқа тұр" әні. Қарсы алайық.

1 - жүргізуші:
Ана деген - бұл өмірдің шуағы,
Ана - деген сәбилердің жыр - әні,
Дилназ ару аналарға арнайды
Әсем әнін "Аяулы ана" туралы
Ортада --------------------------- 4 а сыныбынан "Анашым" әнімен

2 - жүргізуші:
"Мен - қазақтың қызымын" қасиетті,
Бойға жиған бар жақсы өсиетті.
Инабатты, ибалы Еркежанды,
Қарсы алайық көрсетіп қошеметті.
Келесі кезекте 3 б сынып оқушысы -------------------------- "Мен - қазақтың қызымын"әнімен.

1 - жүргізуші:
Елімді алға, жарқын күндерге бастаған,
Ғажайып қала - шоқтығың биік басқадан.
Жүрісің өніп, тынысың кеңіп, көркейіп,
Күн санап өсіп, құлпыра берші, Астанам!
Енді, бүгінгі сайысымыздың соңғы сайыскері 3 б сыныбынан ---------------------------- "Гүл - Астана" әнімен ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша ортаға "Боз інген" биімен биші қыздарымызды шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Ортада 1 ә сынып оқушысы -----------------------------"Айгөлек" әні.

1 - жүргізуші:
Ал енді, ортаға барлық сайыскер ұл - қыздарымызды шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Келесі кезекте құттықтау сөз сайыскерлеріміздің демеушілерінде.

1 - жүргізуші:
Ортаға сайыс қорытындысын жариялауға әділқазы алқаларын шақырамыз

2 - жүргізуші:
Құрметті көрермендер, осы кешті келіп тамашалағандарыңызға үлкен рахмет айта отырып, бүгінгі сайысымыз осымен аяқтаймыз.

1 - жүргізуші:
Дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болсын деп тілейміз өнер көрсеткен өнерпаздарымызға.

2 - жүргізушілер:
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

1 - жүргізушілер:
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін, Қазақстан Мәңгілік!

2 - жүргізуші:
Қош сау болыңыздар, құрметті көрермендер!
Шалқар - 2014 жыл

20 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп - балабақша кешені. Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Жігіт сұлтаны 2014
Жігіт сұлтаны 2014
«Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
СҚО, Шал ақын ауданы, Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Гаухар Кажгалиевна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×