Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнерлі өрге жүзер

15 қыркүйек 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Тәжен мектеп - балабақша кешені.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл

Тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»
Мақсаты: Оқушыларды пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып, жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Жан - жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар!
«Өнерлі өрге жүзер» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа 1 - 4 сыныптың оқушылары қатысады. Сайысқа 4 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушыдан.
Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билеп барынша,
Жарыста сірә қалыспа!
Сайыс қызығын балалар,
Осылайша шабытпен,
Кәне енді бастайық.
- Алдарыңызда 4 топтың қатысушыларын қарсы алыңыздар.
Сайысты бағалайтын әділ - қазы алқасымен таныс болыңыздар!

Сайыс 5 айналымнан тұрады.
1 – айналым – әр топ өздерін таныстырып өтсін.
Топтарға сұрақ: Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?
- Бәрекелді, олай болса, сендерге сәттілік тілеймін.

2 - айналым – «Білгенге маржан». 1 - 2 сыныптар сурет салуға қажетті құрал
жабдықтарды, 3 - 4 сыныптар бейнелеу өнеріне байланысты сөздер жазады. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

3 - айналым – «Құпия кітапша» деп аталады жұмбақтар беріледі, оның шешуін
суреттер арасынан тауып жабыстырып, 3 тілде айтады.
Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. /Алма - яблоко - арріе/
Мұртымен туады,
Мұртымен өледі. /мысық – кошка - саt/
Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады. /қар – снег - snow/
Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүреді. /ит - собака - doq/
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. /қоңырау - звонок – bell/
3 тілде дұрыс айтса 15 ұпай, 2 тілде 10 ұпай, 1 тілде 5 ұпай беріледі

4 - айналым – «Кім жылдам?» 1 - 2 сынып оқушыларына 1 сурет, 3 - 4 сыныпқа 2 сурет

5 - айналым – «Сәйкестендір» бейнелеу өнеріне байланысты сөздердің мағынасын сәйкестендіреді.
1. Акварель - суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма.
2. Аппликация – белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені жапсыру арқылы шығарма орындау қажет.
3. Архитектура – сәулет өнері.
4. Палитра – бояу араластыратын тақтайша.
5. Пейзаж – бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.
6 - айналым – «Топ басшылар сайысы». Суретті кім әдемі бояйды?

Қорытынды. Әділқазыларға сөз беру.
- Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рақмет!
7 377
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өнерлі өрге жүзер слайд
Өнерлі өрге жүзер слайд
1. Негізгі түстер қандай болады? (Қызыл, Сары, Жасыл) 2. Живопись өнерінің орындалу әдіс - тәсілдері қандай? (Бояумен, гуашпен) 3. Пейзаж дегенімізге қандай сурет бейнеленеді?
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Жеті атаңды білесің бе?
Жеті атаңды білесің бе?
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Матикова Роза Сариевна
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×