Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Корей халықтарының би өнері

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Корей халықтарының би өнері.
Сабақтың мақсаты: Корей өнері жайлы мағлұмат беру.
Күтілетін нәтиже: Музыкадан алған әсерін әңгіме, бейнелеу, қимыл - әрекет арқылы көрсете алады.
Ресурстары: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар, видео бейне таспа, стикерлер.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: радиолық шоу«Жаңа толқын», «Алты телпек», топтастыру әдістері.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих, хореография

Ұйымдастыру: 1. Сабаққа дайындық.(топқа бөлініп отырады)
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Үнді музыкасы қойылады.
Саламатсыздар ма! Бүгінгі «Жаңа толқын» радиолық шоу бағдарламасының тыңдармандары. Сіздер бүгін Үнді халқының әдемі сазды музыкасын тыңдадыңыздар. Шығыс халқының және Үнді халықтарының өнерлерін қаншалықты сүйіп тыңдап, салт - дәстүрі жайлы не білетіндеріңіз туралы білгім келеді. Ендеше сіздермен әдеттегідей викториналық ойынымыз арқылы білімдеріңізді сынаққа салайық. Естеріңізге салып өтейін бағдарламада екі жеңілдік беріледі.
1. бірінші жеңілдік ол қасыңыздағы тыңдарманнан көмек сұрау.
2. екінші жеңілдік, алдындағы дәптерге жүгіну.
Бағдарламаның қатысушы үш сұраққа жауап берсе 5 - тік деген бағаға қол жеткізе алады. Сіздерді өзімнің көмекшіммен таныстырып өтейін, сұраққа жауап бергеннен кейін бағалайтын есепші қыздарыңыз Жалғашева Динара.(орныңызға отырыңыз)

Алғашқы сұрақ.
І. 1. Рага музыкасын орындаушы кім? (Рави Шанкар)
2. Ол қандай аспапта ойнаған? (ситар)
3. Үнді халқынын аспаптарын ата? (вина, ситар, саранги, табла)

ІІ. 1. Раганың қанша түрі бар? (7 түрі бар)
2. Рага нені білдіреді? (күш - қуат, жігер)
3. Рага туралы қандай оқиғаны білесіңдер? (Тансенмен болған оқиға)

ІІІ. 1. Үнді халқының аспап түрлерін білесіңбе? (вина, ситар, саранги, табла)
2. Саранга қандай аспап? (ыспалы аспап)
3. Табла аспабының ерекшелігі неде? (екі табла бірінен бірі ажырамайды)

ІҮ. 1. Үнді билерінің түрлерін ата? (каткахали, катках, манипури)
2. Үнді биінің қанша жылдық тарихы бар? (2000ж)
3. Үнді биінің ерекшелігі неде? (олар би арқылы құдайлармен тілдескен)

Ү 1. Күн шығыс халықтары деп қай халықты атаймыз? (жапон)
2. Гагаку дегеніміз не? (жапон императорының оркестрі)
3. Гагаку өнерінің қанша жылдық тарихы бар? (1300 ж)

ҮІ 1. Кабуки театры жайлы айта аласыңба? ()
2. Но театры қандай театр? (маскамен орындалады)
3. Ерекшеліктері неде? (атадан балаға мұра)

ҮІІ1. Кабуки театрының қанша жылдық тарихы бар? (400 ж)
2. Осыншама ұзақ сақталуының қандай себебі бар? (атадан балаға мұра болғандықтан)
3. Қытай халқымен Үнді халқының өнерлерінен қандай ерекшелік байқадың? (оқушылар әңгімелей алады)

Өте тамаша, бүгінгі «Жаңа толқын» радиолық шоу бағдарламамыз аяқталды сіздердің жақсы білімдеріңіз үшін мына тамаша әуенді өздеріңізге арнап қойып, сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.

3. Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі.
- Балалар, қалай ойлайсыздар, бұл суретке қарап не айта аласыздар? (жақсы)
Оларды қай жерден көрдіңдер? Қай халықтың өкілдері деп ойлайсыңдар? ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? (тамаша)
Оқушылар Корей халқының өнерімен танысады.
Оқушылар 6 топқа бөлініп отырады. Әр топтың алдыңда телпек (шляпа) тұрады.
Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.

ІІ. Мағынаны тану.
- Ия, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Корей халықтарының би өнері» деп аталады. (Дәптермен жұмыс)
- Бүгін біз топтық жұмыс жасаймыз, яғни сабағымызды «Алты телпек» әдісі арқылы өткіземіз. (№ 1 слайд)
1. Бейне таспаға назар аударайық. Корей халқының биі көрсетіледі.
«Ақтелпек» Статистикалық. (би қалай пайда болған? Бидің өмірге келген тарихы, тағдыры туралы не білесіңдер?)
«Сары телпек» - Сәттілік («Корей биі» несімен сәтті шықты. Немесе алғашқы орындаушысы кім? т. б.)
«Қара телпек» - Сәтсіздік (бидің сәтсіз тұстарын айтасыздар. Қазіргі таңда бұл биге жастар билейді ме? т. б.)
«Көктелпек» - Аналитикалық (Не үшін?, Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді)
«Жасыл телпек» - Шығармашылық (Әннің ырғағына билеп көрсетуге болады.)
«Қызыл телпек» - Сезімтал (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Билеген бимен әннің ырғағы үйлесе алдыма?) Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Рефлексия: Алған әсерлері туралы стикерге жазады.(тақтадағы талға жапсырады)
Үйге тапсырма.
Бағалау: Формативті. (Динараның бағалары қойылады)
9 842
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Үндінің сұлу сазды рагасы
Үндінің сұлу сазды рагасы
Үндінің Рагасы - үнді классикалық музыкасы. Тарихи тақырыпқа құрылған. Жеке дауыспен орындауға арналған баяу музыка. Рага бірнеше мунуттарға созыла беруі мүмкін.
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Білімділік: Оқушыларды Қазақстандағы бауырлас халықтарының музыкасымен таныстыру.
Кавказ халықтарының музыкасы
Кавказ халықтарының музыкасы
Қызылорда облысы,Байқоңыр қаласы, Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 мектеп Музыка мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Өзбек музыка өнері
Өзбек музыка өнері
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильимажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×