Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жерін әндеткен Е. Хасанғалиев

26 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін әндеткен Е. Хасанғалиев»
Сабақтың мақсаты: Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу.
Білімділік: Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Ескендір ағамыздың әндері арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ұқсас пен айырмашылық, бағалау сұрақтары, автор орындығы, бірігіп сурет салу.
Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер:
1. Ой қозғау
2. Топтық жұмыс
3. Бейнеролик көрінісі
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар:
Магнитофон, интерактивті тақта, компьютер, маркер, маркерлік тақта, А 1 форматты қағаз т. б.
Көрнекіліктер:
Нақыл сөздер, жасырын сөздер, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері т. б.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, валеология, география, дүниетану.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 - топ «Дарындылар» 2 - топ «Тапқырлар» 3 - топ «Білімділер» Топ басшыларын сайлау.
«Дарындылар» тобының басшысы:
«Тапқырлар» тобының басшысы:
«Білімділер» тобының басшысы:
Шаттық шеңберіне тұрады. Бір - бірлеріне тілек айтады.
Мұғалім: Ән «Дос болайық бәріміз» Хор.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Енді өткен сабағымызды еске түсіру үшін экрандағы жұлдыздардың сұрағына назар аударып, жауап берейік.
1 жұлдызша ұяшық (Экраннан сурет көрсетіледі) Бұл суреттегі кім?
2 жұлдызша ұяшық (Роза Рымбаева) Роза Бағланова кім?
3 жұлдызша ұяшық (Қайрат Нұртас) Роза Бағланова қай жылы дүниеге келді?
4 жұлдызша ұяшық (Мақпал Жүнісова) Роза Бағланова қай халықтың әндерін орындады?
5 жұлдызша ұяшық (Асқар Жүнісбеков) Роза Бағланова халық қаһарманы атағын қай жылы алды?
6 жұлдызша ұяшық (Бейбіт Қорған) Роза Бағланова соғыс кезінде қандай әндерді орындады?
7 жұлдызша ұяшық (Жеңіс Ысқақова) Роза Бағланова қанша жасында дүниеден озды?
8 жұлдызша ұяшық (Еркін Нұржанов) Роза Бағланова орындаған орыстың халық әні?
9 жұлдызша ұяшық (Мадина Садуақасова) Лауреат атағын қай жылдары алды?
Мұғалім:
Оқушыларды бағалау критерилері арқылы топ басшылары әр айналымнан соң бағаланып ұпай саны айтылып тұрады. Мұғалім жауап берген оқушыға нота кілтін беріп отырады.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Туған жерін» ән еткен Ескендір Хасанғалиев.
Мұғалім: Сендерге берілетін тапсырма.
1 топқа Ескендір Хасанғалиев өмірбаяны.
2 топқа Туған жер әнінің шығу тарихы.
3 топқа Ескендір Хасанғалиевтің әндері.
Осы берілген тапсырма бойынша постерлерін қорғайды. ( Плакатқа сурет салу, жазу)
«Туған жер» әні караоке қойылады балалар қосылып айтады.
Мұғалім: Ендігі тапсырма әр топтан бір оқушы келесі топқа осы тақырыпқа сәйкес бір - бір сұрақ қояды. (үш сұрақ қойылады)
Мұғалім: Тапсырма: Бүгінгі сабақтан түйген ойларың жайлы дәптерлеріңе эссе жазу.
Автор орындығы қойылады. Соған отырып жазғандарын оқиды.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Мұғалім: Мен сендерге бүгінгі өткен жаңа сабағымыз бойынша сөйлем бастаймын сендер сол сөйлемді аяқтайсыңдар.
1. Ескендір Хасанғалиев атақты...........(композитор, әнші)
2. Композитор ол......... (әннің музыкасын жазатын адам)
3. Композитордың атақты әні............. (Атамекен)
4. «Ауылым - әнім» әнін............................ (Е. Хасанғалиев жазған)
5. «Әдемі - ау» әнін ----------- (Роза Бағланова апамыз орындайды)
6. Е. Хасанғалиевтің «Азияда алауы» әні................(2011 жылы орындалды)
V. Үйге тапсырма: Е. Хасанғалиев туралы реферат жазу. «Туған жер» әнін жаттау.
VІ. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.
VІІ. Кері әсер парағы.
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Маған не ұнады/ ұнамады.
3. Жаңа сабақ бойынша пікірің, сұрағың.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, келесі сабақта не үйренгілерің келетінін алдарыңдағы стикерге жазып, мына нота сызықтары бойына іліңдер. Мен осы пікірлерді оқи отырып келесі сабақта осыған тоқталып өтемін.
Сабақтан соңғы ой - толғаныс.
1. Бүгінгі сабақ барысы қалай орындалды?
2. Оқушы белсенділігі мен әрекетінен нені байқадыңыз?
3. Сабақты жүйелі ұйымдастыра алдым ба?
4. Келесі қадамым неден басталуы тиіс деп ойлайсыз?
5. Сабақ құрылымында нені өзгертер едім?
6. Оқушыны нақты қандай әрекетке және неге бағыттар едіңіз?
7. Сабақ барысында не нәрсе шашыраңқы?
3 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елім менің
Елім менің
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәнінен мұғалімі Айнур Орынгазиева
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәні мұғалім Айнур Орынгазиева
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Туған жерін жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін» жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Өмірі өнермен өрнектелген
Өмірі өнермен өрнектелген
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясы музыка пәнінің мұғалімі Абдушева Армангүл Айдарқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×