Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күйге тіл бітірген Қазанғап және күйлері

28 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Күйге тіл бітірген Қазанғап және күйлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға күй шешені Қазанғап өмірін түсіндіре отырып, күйлерін тыңдату арқылы күйлерінің мазмұнын түсінуге, өз ойларын ашық айтып, пікірлерін еркін сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, елжандылық сияқты қасиеттерді дарыту, тарихи тұлғаларды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Көрініс, топтастыру әдісі, сұрақ - жауап, тыңдау, үйрену.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілік: Слайд, күйші портреті, үн таспа

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақан сері бейнефильмнен тыңдай отырып, оқушыларға тапсырма беру.
"Құлагер" әнін тыңдай отырып, талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары

1. Қазанғап өмірбаяны
2. Домбыра туралы мағұлмат
3. Қазанғап өмірінен қысқаша көрініс
4. Қазанғап күйлерін тыңдау, талдау
5. Қазанғаптың күйлері
6. Қазанғап шәкірттері
7. А. Жұбановтың еңбегі.
8. Ән Т. Базарбаев «Ауылым»
Сыныпты екі топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

Мағынаны тану
Қазанғап Тілепбергенұлы 1854 жылы Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Абауыр деген жерінде дүниеге келген. 1927 жылы сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылынан топырақ бұйырады. Шыққан тегі - Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпаларының бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған, ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бекетау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген.

Қазанғап - қазақтың әйгілі күйші - композиторы.
Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей - ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан оң - солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке - шешесінен рұқсат алады. Доңызтау - Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады.
Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы жырланады.

Топтастыру.
Қазанғап күйші - композитор, эпикалық күйші, өмiрдiң мәнi мен сәнi туралы, бүгiн мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанған күйшілердің бірі.
Қазақтың ұлттық аспабы қоңыр домбыраның қос ішегінен қонырлаған қоныр үн, сыры терең сырлы дүниенің сырын шертуден жалықпай келеді. Балалар біз домбыра туралы не білеміз?
Домбыра туралы оқушылар өз ойларын білу.
1. Домбыра аспабы туралы не білеміз?
2. Домбыра аспабының құдіреті қандай?
Қазағымның күмбірлеген домбырасының шанағынан төгілген әуеннің айтары мол. Сөзбен айтып жеткізе алмас сырың да, көкірекке сыймас құлазыған көңілің де, шаттыққа толы қуанышың да домбыраның жансыз тілімен - ақ жүрекке жетеді. Сондай сапарларының бірінде Қазанғаптың «Көкіл» күйінің қалай шыққандығы туралы қысқаша көріністен көреміз.

Көрініс.
Бірде Қазанғап астық алып қайтпақшы болып теңізге қарай, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. «Қарақамыс» ауылының тұсынан өтіп бара жатып, тігулі тұрған ақ ордалы ауылды көреді. Сөйтіп сол ауылдың Үсен төренің ауылы екенін біліп, сол ауылға барады. Үсен төремен кездесіп, сол жерде жаңа «Көкіл» деген күйін шығарады. Бұл күй Үсен төренің көңілінен шығады. Бұл күйді тыңдай отырып, күйді талдау.

№35 мектеп – гимназиясы музыка пәні мұғалімі
Дильмуханова Сандугаш Темирбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 778
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Күй анасы
Күй анасы
1. Күй анасы атанған композитордың домбырашылық өнерін түсіндіру. 2. Динаның күй тарту дәстүріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Арнау күй
Арнау күй
Наурызбаева Кенжегул
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Дина "Әсемқоңыр"
Дина "Әсемқоңыр"
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Күй атасы Қазанғап
Күй атасы Қазанғап
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×