XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Сабақтың тақырыбы: XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға кәсіби музыка өнерінің даму сатыларын ұғындыру. XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнерін меңгерту.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауатын одан әрі дамыту.
Б) Тәрбиелілік: Классикалық музыканы тыңдай білуге және түсінуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік, сұрақ-жауап
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер
Сабақтың көрнекі-құралдары: сигнал картасы, плакаттар, портреттер, үлестірмелі карточкалар, магнитофон, DVD ойнатқыш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
Әлем халықтарының кәсіби музыка өнері
Қойылатын сұрақтар:
1. Құл иеленуші және және алғашқы феодалдық қоғамдағы музыка мәдениетінің дамуы неге байланысты болды?
2. Тыңдауға лайықталған музыка алғаш рет қай елде орындалды?
3. Қандай музыка аспаптары жетілдіріліп, оның жаңа үлгілері пайда бола бастады?
4. Қандай ірі тұлғалар музыка туралы еңбектер жазды?
5. Қалалар мен қамал – қорғандарда қандай музыка жанрлары өрбіді?
6. Қандай вокалды және вокалды – аспаптық музыкалар жазыла бастады?
7. Көптеген музыкалық жанрларды асқан шеберлікпен дамытып, биік шыңға көтерген қандай композитор? (Иоганн Себастьян Бах)
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.
Музыка тыңдату.
1. Халық әні «Ахау, керім»
2. Сейтек «Сексен ер»
3. Г. Свиридов «Метель» (вальс)
4. Ф. Мендельсон «Марш»
Музыка тыңдай отырып, оқушылар бір мезгілде ән, би, күй, марш музыкаларын, халықтық, композиторлық, кәсіби музыкаларды, жәй және күрделі музыкаларды ажыратып, динамикалық белгілерді уақытында көрсетіп отырады.
IV. Жаңа материалды меңгерту.
XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Орта Азия, Араб халифаты, Иран, Үндістан, Қытай, Жапон елдерінде феодалдық музыка мәдениетінің ерекше түрі пайда болды. Мұнда халықтық және сарайлық шығармашылық үрдістер жақсы дамыды. Мұқам, мақам, рок сияқты жанрлар айрықша көрініс тапты.
Қайта өрлеу (XIV – XVI ғасырларда) дәуірінде Батыс, Орталық Европа елдерінде музыка мәдениеті буржуазиялық сипат ала бастады. Тұрмыстық әндер мен аспаптық әуендерге қызығушылық басым болды.
Виола аспабын скрипка, виолончель аспаптары ауыстырып, оны жасаушы
А. Н. Амати, Дж. Гварнери, А. Страдивари (Италия) сияқты шеберлердің аттары әлемге әйгілі болды.
Барокко Итальян
опералары
Классицизм Француз
Рококо – француздың аспаптық музыкасы
Иоганн Себастьян Бах (1985 - 1750)
Иоганн Себастьян Бах – неміс халқының ұлы композиторы. Ол «Матфейге іңкәрлік», «Иоанға іңкәрлік» және «Құдіретті месса» сынды ірі вокалды – аспаптық шығармалар жазды. Діни тақырып, адам баласының дүниедегі орны өмір мен өлім туралы терең философиялық толғанысына арқау болды. Оның оркестрге арналған «Бранденбург концерттері» деп аталатын 6 концерті, оркестрлік сюиталары, органға арналған шығармалары, партиталары және т.б. көптеген шығармалары бар.
Тақтада «Музыкалық сауаттылық» сөздік плакаты ілінеді.
Концерт – музыканың көлемді жанрының бірі. Концерт сөзінің екі түрлі мағынасы бар: бірінші, өнер шеберлерінің қатынасуымен өткізілетін музыкалық кеш; екінші, көлемді, әрі күрделі аспаптық музыка.
Месса – католик дініндегі жексенбі күні құдайға құлшылықта айтылатын діни ән.
Рондо – музыкалық аспаптарға арналып жазылған, негізгі темасы бірнеше рет өзгеріп, қайталанып отыратын шабытты шығарма.
Фуга – бір, екі немесе одан да көп теманы бірінен соң бірін барлық дауыста пайдалана отырып, имитация негізінде жүргізіп отыруға негізделген полифониялық шығарма.
Симфония – грек сөзі, «дыбыстар бірлестігі» деген мағына береді.
Классикалық музыка – ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, «уақыт сынынан» сүрінбей өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма.
Менуэт – француз биі. Мену – қазақша аз деген сөз. XVII ғ. бастап менуэт жанры биге айналды.
Прелюдия – музыкалық аспаптарға арналып жазылған, пьесалардың алдында ойналатын шағын бөлім.
Кантата – музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын вокалдық шығарма.
Токката - өте тез, анық екпінде орындалатын фортепиано немесе органға арналған виртуозды аспаптық пьеса.
Полифония – бір уақытта естілетін – көп дауысты музыка.
V. Жаңа материалды бекіту.
Музыка тыңдату.
(Оқушылар бір мезгілде музыка тыңдай отырып, оның динамикалық белгілерін көрсетіп отырады.)
1. Фуга
2. Токката «Badinerie»
3. Хорал
4. Адажио
Ән орындату. 1. Дауыс жаттығулары.
2. Ю.Чичков «Дружат музыка и дети»
3. Н.Тілендиев «Біз – Отанның ұланымыз»
Ән үйрету жолдары.
1. Өлшемі, сазы, екпіні, характері.
2. Динамикалық белгілерімен жұмыс
3. Дикциямен жұмыс.
VI. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, сабақты қорытындылаймын.
VII. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын.
VIII. Үй тапсырмасы.
Үйге тапсырма: XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері

Жаңалықтар
Орта ғасырлардағы Африка
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Бауырлас халықтар музыкасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының Музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары
Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Курманбекова Гулден Жумабеккызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.