Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы

27 наурыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Оқулықтар
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Алитурлиева Тасбике Кудайбергеновна

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1 - 11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой - тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы.

Деңгейлік оқулықтар тілді үйрену жүйесі бойынша Еуропа Кеңесінде қаралған «Шет тілін меңгерудегі жалпы европалық құзыреттілік» құжатына негіздеп құрылған.
Аталған оқыту стандарты оқушыларға тілді меңгертуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы түрлі деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ кезінде оқушылардың әрекеті жеңілден қиынға бағытталып, немесе жалпыдан жекеге негізделіп, тақырып қабылдауы жеңілдетіледі. Нәтижесінде оқушылар тілді меңгеріп қана қоймай, оны қолдана алатын жағдайға да жетеді.

Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі мақсаты – оқушының қазақ тілін білу деңгейі мен сұранысын ескере отырып, бір - бірімен сабақтас, жүйелі, коммуникацияға құрылған білім мазмұны арқылы өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін, түсінікті, дұрыс жеткізе алатын, түрлі өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынасқа түсе алатын дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.

Берілген оқулық қазақ тілін оқытудың мемлекеттік деңгейіне сай құрастырылған. Оқулық бастауыш сатыда оқушыларға тілді меңгертудің қарапайым деңгейі іштей мынадай игерімдерге жіктеледі. 1 сыныпта А1 – бастапқы жеңіл игерім; 2 - сыныпта А1. 1 – бастапқы орта игерім; 3 - сыныпта А1. 2 - бастапқы толық игерім; 4 - сыныпта А1+ - бастапқы жетік игерім. Тілді деңгейлік үйрету сабақтаса бір жүйемен жүргізіледі. Білім мазмұнында лексикалық тақырыптар әлеуметтік - тұрмыстық, оқу - еңбек, әлеуметтік - мәдени аялар арқылы оқушыны әлеуметтендіруге бағытталады. Қазақ тілін деңгейлік меңгерту сөйлесім әрекетінің тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім бес түрі бойынша кешенді жүргізіледі. Осындай жұмыстардың үнемі, жүйелі түрде жүргізілуі негізінде оқушылардың тілдік қарым - қатынасқа түсу аясы кеңіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады. Оқулықтардағы, жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалардың ерекшелігі оқушыларды шығармашылыққа баулиды. Тілді меңгертудің тиімділігін арттыру мақсатында оқу материалдары қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болып жіктеліп ұсынылған. Мұғалім кітабында тақырыптар толық талданып, сабақтар бойынша жүргізілетін оқу - әдістемелік жұмыстар нақты көрсетіліп берілген. Сабақ тақырыптан бастап, әр тапсырманы түсіндіре отырып, сатылап берілген. Онда қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ойтолғаныс, бекіту, бағалау, үйге тапсырма, рефлексия бөліктері таратылып түсіндіріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
6 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 3 сынып (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 3 сынып (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3 - сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 2 сынып (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР қазақ тілі 2 сынып (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2 - сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптарына арнайы құрастырылған.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Педагогика тест
Педагогика тест
Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×