Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрегімде қалар мәңгі есімің

10 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Искандирова Айгерим Муханбедиякызы

Қарағанды облысында орналасқан керемет, көркем Сәтбаев қаласын дәріптеу. Көркем жерлері, тарихы жайлы айта кетіп, таныстыру. Туған жердің қай қазақ үшін орны ерекше екенің сезіндіре білу.
Туған жер, қандай керемет сөз десеңші. Адамның қанына сіңіп, бар бойын баурап алған, адамның жан дүниесін алай да дүлей қылған туған жерге деген құдіретті күшті айтсаңшы. Туып өскен өлкеңнің жері қатты болса, ол сен үшін жұмсақ болып көрінеді. Туған жеріңнің желпіп өткен самалы бетіңді осып өтсе де, ол сен үшін бетіңді аялап, сипалап өткендей сезіледі. Туған жеріңнің шөптері тікенді, аяқты қанталататындай болса да, ол сен үшін мамық, жұмсақ болып сезіледі. Туған жеріңнің табиғаты қатал болса да ол сен үшін мейірімге толы болып көрінеді. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас деп осыны айтады.

Менің туып өскен, кіндік қаным тамған жерім Сәтбаев қаласы. Кейбір адамдарға бұл қала кішігірім болып көрінсе, ол мен үшін дардай қала іспеттес. Бұл қалаға атақты әрі тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілген. Осындай атақты әлемге белгілі тұлғаның есімі берілгеніне мен қуанамын. «Әркімнің туған жері - Мысыр шахары», - дейді халық нақылы. Оны қалай дәріптесең де артықтық етпейді дегенге келеді бұл сөз. Ендеше туған қаламыз жайлы қалайша ауыз толтырып айтпасқа.

Өткеніңді тану, тарихыңды білу қастерлі міндет. Әрине, бұл айтуға ғана оңай. Кеше қандай болдық негізіміз қалай қалыптасқан еді? Осыны әрбір ес жиған азамат білуі тиіс.
Сәтбаев қаласының тарихы қойнауында мол байлық жатыр десек қателеспеспіз. Оның тарихы Жезқазған - Қарсақбай - Ұлытау елді мекендерімен тығыз байланысты. Сәтбаев Қаласының территориясы 1932 жылға дейін Ақмола мен Семей облыстарының құзырында болды, кейіннен Қызылорда мен Шымкент облыстарының, ал 1936 жылдың 29 маусымынан бастап Қарағанды облысының құрамына енді. 1926 жылы құрылған Қарсақбай ауданы мен оған бағынышты болған Жезқазған руднигі Оңтүстік Қазақстан құрамынан толықтай Қарағанды облысына көшті.
1954 жылы Жезқазған – Рудник поселкесінен 7 км жердегі жазық далада кеншілер кентінің құрылысы басталды. 1956 жылы салынып жатқан жаңа кент, Никольский жұмысшылар кенті аталып, ал келесі жылы ол Бүкілодақтық комсомолдық құрылыс болып жарияланды.
1973 жылдың аяғында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен құрамында Рудник және Северный поселкелері бар Никольский кентіне қала мәртебесі берілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экологиялық асыл сөздер
Экологиялық асыл сөздер
Өсіп тұрған далада, Жалғыз ағашты кеспе.
Менің туған өлкем
Менің туған өлкем
Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Туған жер (оқушы шығармашылығы)
Туған жер (оқушы шығармашылығы)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің 2 сынып оқушысы Жолдасқали Нұрдаулет Еркебұланұлы Ұстазы: Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Мақтарал ауданына 85 жыл «Мақтарал мақтаныштары»
Мақтарал ауданына 85 жыл «Мақтарал мақтаныштары»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×