Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тарихы пәнінен сауалнама

06 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Кулсары каласы.
Тарих пәні мұғалімі Досетова Анаргуль Адхамовна

3065 - нұсқа
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. «Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» - деп жеріне басқаны жолатпаған:
А) Сақ тайпа көсемдері
В) Қытайлар
С) Қаңлы тайпа көсемдері
Д) Үйсін тайпа көсемдері
Е) Парсылар
2. ХV ғасырда болашақ Қазақ хандығының құрылуына алғышарт осы хандықтың ішкі - сыртқы жағдайына байланысты қалыптасты:
А) Ақ орданың
В) Ноғай Ордасының
С) Сібір хандығының
Д) Әбілқайыр хандығының
Е) Алтын Орданың
3. ХVІІ ғасырдың аяғында дүниеге келген заңдар жинағы:
А) «Жеті жарғы»
В) «Қасым ханның қасқа жолы»
С) «Есім ханның ескі жолы»
Д) «Жылнамалар жинағы»
Е) «Жасақ»
4. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының орталығы:
А) Семей
В) Омбы
С) Ақмола
Д) Түркістан
Е) Талғар
5. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстардың ірі орталықтары:
А) Маңғыстау, Орал
В) Астрахань, Ақтау
С) Қаракөл, Ферғана
Д) Атырау, Орынбор
Е) Жетісу, Торғай
6. Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
А) Р. Қошқарбаев, Г. Булатов
В) Л. Беда, И. Павлов
С) А. Егоров, З. Құсаинов
Д) Қ. Сыпатаев, Т. Мырзаев
Е) М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров
7. Сармат қоғамында әскери - демократия қатысты болды:
А) әскерге жарамды ерлерге
В) ерлер мен әйелдерге
С) қауым мүшелеріне
Д) лауазымды адамдарға
Е) тек әйелдерге
8. Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген жыл:
А) 686 жыл
В) 683 жыл
С) 684 жыл
Д) 685 жыл
Е) 682 жыл
9. Қола дәуірінен жалғасып келген салт - дәстүрдің бір түрі:
А) Қойға табыну
В) Балбал тастарға табыну
С) Отқа табыну
Д) Аңыз кейіпкеріне сену
Е) Көк бөріге сену
10. Өскемен қаласының іргесі қаланды:
А) 1718 ж.
В) 1716 ж.
С) 1714 ж.
Д) 1720 ж.
Е) 1722 ж.
11. Айшуақты Кіші жүздің ханы етіп сайлаған жыл:
А) 1791 ж.
В) 1793 ж.
С) 1789 ж.
Д) 1795 ж.
Е) 1797 ж.
12. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша аға сұлтандарды сайлаған:
А) губернаторлар
В) сұлтандар
С) әскери шенеуніктер
Д) шаруалар
Е) жатақтар
13. Исатай мен Махамбет старшын болған ру:
А) Жағалбайлы
В) Байұлы
С) Беріш
Д) Табын
Е) Әлімұлы
14. 1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал - губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы:
А) Орынбор
В) Ташкент
С) Семей
Д) Жетісу
Е) Омбы
15. ХІХ ғ. қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала:
А) Париж
В) Көкшетау
С) Петербург
Д) Мәскеу
Е) Петропавл
16. Қойған талаптарын ішінара қанағаттандыруға қол жеткізген 1905 жылғы ереуіл өткен кеніш:
А) Зырянов кеніші
В) Успен (Нілді) кеніші
С) Ембі кәсіпшілігі
Д) Спасск мыс қорыту кеніші
Е) Қарағанды көмір кеніші
17. ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдарында қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған:
А) Ұжымдастыру саясаты
В) Ақпан, Қазан төңкерісі зардаптары
С) «Әскери коммунизм» саясаты
Д) Жаңа экономикалық саясат
Е) Бірінші дүние жүзілік соғыс
18. ХХ ғ. 50 - жылдары біраз ғалымдарына «космополит» деген айып тағылған ғылым салалары:
А) Биология, медицина
В) Тіл, әдебиет
С) Заң, техника
Д) Физика, математика
Е) Тарих, философия
19. 1989 жылы шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілері ереуілінің жалғасы болған кеншілер ереуілі:
А) Қарағанды
В) Екібастұз
С) Қаражыра
Д) Майкөбе
Е) Шоқпаркөл
20. Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:
А) Б. з. б. 7 - 8 мыңжылдықтар аралығы
В) Б. з. б. 4 - 5 мыңжылдықтар аралығы
С) Б. з. б. 5 - 6 мыңжылдықтар аралығы
Д) Б. з. б. 6 - 7 мыңжылдықтар аралығы
Е) Б. з. б. 3 - 2 мыңжылдықтар аралығы
21. Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін шайқас жүргізген Ақ Орда ханы:
А) Меңгу - Темір
В) Мүбарак
С) Ерзен
Д) Тоқтамыс
Е) Барақ
22. ХVІ ғасырда Моғолстанның әлсіреуі Қасым ханның осы өлкедегі билігін нығайта түсті:
А) Сарыарқадағы
В) Алтайдағы
С) Жетісудағы
Д) Жайық бойындағы
Е) Сыр бойындағы
23. «Ресей мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат» («Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат») еңбегінің авторы:
А) Д. Гладышев
В) Г. Ф. Миллер
С) П. С. Паллас
Д) Я. Гуляев
Е) И. Муравин
24. «Әскери коммунизм» деп аталатын экономикалық және саяси жүйе қалыптасқан мерзім:
А) Азамат соғысы жылдары
В) Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары
С) Қазан төңкерісі кезі
Д) Ұжымдастыру жылдары
Е) Ұлы Отан соғысы жылдары
25. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы жарияланды:
А) 1997 жылдың соңында
В) 1998 жылдың басында
С) 1994 жылдың соңында
Д) 1995 жылдың соңында
Е) 1996 жылдың басында

3089 - нұсқа
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Дамыған орта ғасырларға жататын монша табылған ортағасырлық қалалар:
А) Отырар, Тараз
В) Алмалық, Талғар
С) Басқамыр, Аяққамыр
Д) Жент, Баршынкент
Е) Құлан, Мерке
2. ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияда құрылған әскери - феодалдық мемлекет:
А) Монғол империясы
В) Хорезм мемлекеті
С) Корей мемлекеті
Д) Ұйғыр мемлекеті
Е) Цинь империясы
3. ХV ғ. ІІ жартысындағы Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін күрестегі басты қарсыласы:
А) Мұхаммед Шайбани
В) Есен - бұға
С) Ұлықбек
Д) Темір - Мәлік
Е) Әмір Темір
4. ХVІІ ғасырдың аяғы, ХVІІІ ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:
А) «Қасым ханның қасқа жолы»
В) «Есім ханның ескі жолы»
С) «Жасақ»
Д) «Шежірелер жинағы»
Е) «Жеті жарғы»
5. Англиядан кеме алдыртқан Верный көпесі:
А) Шаянбайұлы
В) С. Мадатов
С) В. Юлдашев
Д) М. Ниязов
Е) А. Аширов
6. 1905 - 1907 жылдары Ресейде болған басты оқиға:
А) Азамат соғысы
В) Бірінші дүниежүзілік соғыс
С) Бірінші орыс революциясы
Д) Аграрлық реформа
Е) Социалистік революция
7. Қола дәуірінде мал көшпелілердің меншігінде, ал жер:
А) Жеке адамдардың меншігінде болды
В) Көсемнің меншігінде болды
С) Қауымның, рудың меншігінде болды
Д) Отбасы меншігінде болды
Е) Абыздардың меншігінде болды
8. 448 жылы Еділ (Аттиланың) сарайында болып қайтқан елші:
А) Менандар
В) Земарх
С) Прииск
Д) Диодор
Е) Марцеллин
9. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс:
А) Ор
В) Коряков
С) Өскемен
Д) Железинск
Е) Жәміш
10. Кіші жүздің ханы Есім өлтірілді:
А) Ж. Тіленшіұлы бастаған көтеріліс кезінде
В) С. Датұлы бастаған көтеріліс кезінде
С) Е. Көтібарұлы бастаған көтеріліс кезінде
Д) Ж. Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісте
Е) И. Тайманұлы бастаған көтеріліс барысында
11. 1822 жылғы «Сібір қазақтарын (қырғыздарын) басқару туралы Жарғының» басты мақсаты:
А) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
В) Ауылдардың санын көбейту
С) Мәдени орталықтардың санын көбейту
Д) Денсаулық сақтау жүйесін құру
Е) Суландыру жүйесін жүргізу
12. Исатай әскерімен жазалаушы отряд арасында Тастөбе жерінде шайқас өтті:
А) 1833 ж. қарашада
В) 1837 ж. қарашада
С) 1838 ж. қарашада
Д) 1839 ж. қарашада
Е) 1836 ж. қарашада
13. ХІХ ғ. 60 жылдарындағы реформаларды бекіткен Ресей императоры:
А) І Павел
В) І Николай
С) Елизавета Петровна
Д) І Александр
Е) ІІ Александр
14. 1825 жылы әскери училище ашылған қала:
А) Семей
В) Өскемен
С) Орынбор
Д) Омбы
Е) Томск
15. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болғандар:
А) Француздар мен чехтар
В) Түркі тілдестер
С) Ағылшындар
Д) Славян тектестер
Е) Немістер
16. 1917 ж. тыл жұмысына тартылған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешім қабылданды:
А) Уақытша үкімет
В) Революциялық Кеңестер
С) Патша үкіметі
Д) Алаш үкіметі
Е) Кеңес өкіметі
17. ХХ ғ. 50 - жылдары біраз ғалымдарына «космополит» деген айып тағылған ғылым салалары:
А) Биология, медицина
В) Тіл, әдебиет
С) Заң, техника
Д) Физика, математика
Е) Тарих, философия
18. КСРО - да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіне қадам жасалды:
А) 1987 жылы
В) 1984 жылы
С) 1989 жылы
Д) 1988 жылы
Е) 1983 жылы
19. 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы:
А) Ұлттық валютасы бар елге айналды
В) Президенттік басқаруға көшті
С) БҰҰ - ға мүше болды
Д) Дамыған 50 елдің қатарына енді
Е) Тәуелсіз ел болды
20. Сармат тайпалары санының күрт азаю себебінің бірі:
А) Аурудың көбеюі
В) Қатты қуаңшылық
С) Ғұн шапқыншылығы
Д) Ұлы қоныс аудару
Е) Сыртқы шапқыншылық
21. 1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайларға қарсы соғысты:
А) Соғдылар мен парсылар
В) Қарахандар мен салжұқтар
С) Ұйғырлар мен наймандар
Д) Түргештер мен қарлұқтар
Е) Қыпшақтар мер қимақтар
22. Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығының батыстағы территориясы осы мемлекет аумағы есебінен ұлғайды:
А) Батыс Сібір хандығы
В) Ноғай ордасы
С) Астрахан хандығы
Д) Қазан хандығы
Е) Башқұрт мемлекеті
23. 1886 жылғы Ереже бойынша ірі қалаларда құрылды:
А) Губерниялық басқармалар
В) Полиция приставтары
С) Полиция басқармалары
Д) Уездік басқармалар
Е) Шекаралық басқармалар
24. 1928 жылғы Қазақ АКСР - дегі мал саны:
А) 31 млн.
В) 40, 5 млн.
С) 48 млн.
Д) 45 млн.
Е) 35 млн.
25. Ленинград қаласын қорғауда қатысқан Балтық флотының қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгерлердің саны:
А) 300
В) 170
С) 200
Д) 156
Е) 160

Толық нұсқасын жүктеу
17 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)
Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы)
Моғолстан (14 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басы) Конспект 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік - шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандары мен билері
Хан – тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы Би - әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам Шыңғыс ханның үлкен ұлы. XIII ғасырдың басында қазақ жеріне басып кірген монғол әскерін басқарған.
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық сұрақтары
Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық сұрақтары
1. Үйсіндер өсірген дәнді дақылдар: А) Бидай, жүгері В) Күріш, арпа С) Бидай, күріш Д) Арпа, тары Е) Тары, күріш
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Шара
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы  7 сынып
Тест тапсырмасы Қазақстан тарихы 7 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Керімбекова Фариза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×