Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа тас ғасыры (неолит)

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жаңа тас ғасыры (неолит)

Конспект
Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық - түлікті өздері өндірді. Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.
Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.
Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. Олардың жалпы саны 500 - ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді.
Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған.
Неолиттік тұрақтар: Усть - Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б. з. б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Жаңа тас ғасыры (неолит) б. з. б. 5 - 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.
Жезқазған өңірінен 150 - ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік - батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.
Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған. Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы жылқылардың қаңқалары табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.

Конспект сұрақтар
1. Құрамалы құралдар жасау шыққан кезең:
2. Қазақстан аумағындағы неолиттік тұрақтар саны:
3. Неолиттік тұрақтардың ең көнесінің мерзімі:
4. Б. з. б. 5 - 3 мың жылдық аралығын қамтитын кезең:
5. Неолиттік адамдардың жерлеу дәстүрі:
6. Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ:
7. Өнім өндіру шыққан кезең:
8. Неолит дәуіріне жататын Пеньки тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды:
9. Неолит дәуірінің негізгі жаңалықтарының бірі қандай:
10. Жезқазған өңірінен табылған неолиттік тұрақтар саны:
11. Неолит кезеңіне жататын Қазақстан аумағынан қанша тұрақтар табылған:

Тақырыптың тесті

Жаңа тас ғасыры (неолит). жүктеу
8 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақтар
Тұрақтар
Тұрақтар ПАЛЕОЛИТ (Ежелгі тас ғасыры)
Тарих пәні бойынша емтихан билеттері жауаптарымен
Тарих пәні бойынша емтихан билеттері жауаптарымен
1. Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштернегізгі белгілері жағынан бір - біріне ұқсас.
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер.
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
Қазақстан тарих пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан тарихы 6 - сынып ҰБТ 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр 3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Игембаева Гүлзат
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптары. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (Тас дәуір)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×