Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маған ұнаған көркем фильм – "Құнанбай"

30 тамыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Маған ұнаған көркем фильм – "Құнанбай"
Кейіпкерлерден Абай ұнады және де Құнанбайдың рөлін сомдаған адам шеберлігімен ұнады. Не үшін мен бұл фильмді таңдадым? Себебі, ең бастысы қызығушылық, мен осы фильмнің тарихына және де кейіпкерлер өміріне қызықтым. Барлығы қызығушылықтан басталды. Алдымен "Абай жолы"романынан бастадым. Жазғы демалысымда осы романның 2 томын оқып шығып, қалған томдарын келесі жазғы демалысқа қалдыра тұрдым. Кейіннен 3томын бітіргенде, өзім ойландым: қызық, қызығушылығымның осыншама уақытқа дейін жүргеніне таңдандым. Бұған себепкер болған, әкешім. Себебі, әкешім маған ұялы телефон сатып алып бер десең, маған осы романды алып оқып, айтып бересің деген. Мен содан бастап кітапты алып, оқыдым. Бәрі сол кезден басталды. Менің ол кітапқа деген қызығушылығым арта түсті. Сөйтіп, оқи бердім. Ал одан кейін фильмінде көре бастадым.
Менің бұл фильмге бағамды берсем, үнді немесе жат елдің шым - шытырық фильмінен гөрі, біздің отандық фильміміздің ешқандай жері кем емес. Бұл фильмде менің аса қатты ұнататын кейіпкерім - Абай. Ол өте жанашыр, білімді адам. Фильмде көп қозғалған тақырыптар: ел тағдыры, жақсылық пен жамандық, жауыздық туралы. Құнанбай - өз ішінен Абайдың әкесі, жеңілуді білмейтін, сенімді де, қатал әрі қатыгез адам болды. Оның осы қатыгезділігі еліне көп зардабын тигізеді. Ал Абайдың маған елінің елдігін ойлайтын, шындықты жақтайтыны, ертеңгі елдің болашағын ойлайтыны ұнайды. Бұл фильмде айта берсе, өте көп жайттар орын алады. Көбінесе Абайдың інісі Оспанның әйелін әмеңгерлікпен алуы, салт - дәстүрлер көп көрсетілді. Сосын әділетсіздікте көп орын алады. Мәселен, Абайдың өзінің сүйгені Тоғжанына қосыла алмауы. Тоғжанның басқаға ұзатылуы. Екі жастың біріне - бірі қосыла алмауы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, менің айтып отырғанымның бәрі сол замандағы қазақ елінің тағдыры, сол елдің болмысы, жалпы алғанда, барша қазақтың тағдыры туралы көрсетілген бұл фильмде.
5 424
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Журналист болғым келеді
Эссе: Журналист болғым келеді
Мен қалайда журналист болам. Неге дейсіз ғой, менің бала кезден арманым болған мамандық мені көп оқуға, ерінбей ізденуге, сауатты да көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге жетелеп келеді. Журналист – мен үшін өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. «Менің атым Қожа»фильмінен үзіндіні көрсете отырып, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
Эссе. Жазғы демалысымды қалай өткіздім
Эссе. Жазғы демалысымды қалай өткіздім
Жазғы демалысымды қалай өткіздім Әр баланың асыға да, сағына күтетін бақытты сәті жазғы демалыс кезі. Тоғыз айлық оқуды аяқтаған соң балалар жазғы демалысқа шығады. Биылғы жылдың демалысы мен үшін өте қызықты да, көңілді өтті.
Көңілімнің сыры - Мұқағали жыры
Көңілімнің сыры - Мұқағали жыры
Мұқағали атамның өлеңдеріне деген менің махаббатым анамның ықпалымен туды деп ойлаймын. Себебі, есімді білгелі анам маған жас ерекшелігіме сәйкес Мұқағали атаның өлеңдерін іріктеп, жаттатып жүрді
Менің әуес ісім
Менің әуес ісім
Астана қаласы, №59 мектеп – лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×