Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларға кеңес. Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес. Стрессіз емтихан тапсыр

04 қазан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Оқушыларға кеңес
Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес
Стрессіз емтихан тапсыру

1. «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т. б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады.
7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т. с. с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз.
3 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет?
Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет?
ҰБТ - ға дайындық: Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т. б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Батима
"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Зурбаева Майя Битановна
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты   психологиялық кеңес.
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес.
Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес. 1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан. 3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×