Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қара сөздер. Абайдың жиырма бірінші қара сөзі

13 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі

ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін - өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы, ләкин өзі адам емес.

Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді.
Абайдың басқа да қара сөздері
4 900
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара сөздер. Абайдың қырық екінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың қырық екінші қара сөзі
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Қара сөздер. Абайдың он сегізінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың он сегізінші қара сөзі
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік.
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау, қазіргі өмірмен байланыс жасау. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×