Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киіз үй бұйымдары

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Киіз үй бұйымдары

Киiз басып, одан алуан түрлi дүние - бұйымдар жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, ыдыс - аяқ салатын аяқ - қаптар жасаған. Одан кебенек, киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне киiздi қолданған. Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз үйдiң iшiн безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар. Олардың арасындағы неғұрлым кең тарағандары:
Киiз – ақ немесе басқа түстерден басылған, киiз үйдiң жабуына қажеттi туырлықтар, түндiктер және шаруашылыққа қажеттi бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн;
Текемет – киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз;
Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сырылып жасалатын төсенiш кiлем;
Сырдақ – киiздiң үстiне алуан түстi жүн жiптермен кестеленiп тiгiлген төсенiш кiлем;
Тұс киiз – киiздiң үстiне барқыт қиындыларымен жапсырыла тiгiлiп, өрнектелген қабырғаға iлетiн кiлем.
Киiзден киiм тiгу үшiн арнайы әппақ жүн таңдалып алынады. Оны мұқият тазалап, жуып, сабаумен түтедi, содан соң одан жұқа киiз басады. Кейде оның кiшiксiз әппақ болуы үшiн, бор қосып, қайнататын болған.

«№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»
КММ - ның 3 сынып оқушысы Кизат Адина
Жетекшісі: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
Киіз үй бұйымдары жүктеу
7 610
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру
Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру
Мақсаты: Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Беккожина Нуржамал
Киіз үйдің құрылысы
Киіз үйдің құрылысы
Жезқазған қаласындағы «№ 21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысушы 5 сынып оқушысы Жилкибаева Аружан ғылыми – зерттеу жұмысының жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Г. С.
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×