Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Президентім! (шығарма)

29 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Менің Президентім! (шығарма)
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй - тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын - жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең - байтақ өлке, ұлан - ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату - тәтті өмір сүреді.
Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде, біз санаулы жылда адам айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата - бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арналған Жолдаулары, еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс - тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
Есімің Ай – әлемге тұрақталып,
Келіпсің Сарыарқаға жұмақты алып.
Көзіме көрінерсің жас Астана,
Есілге қонған аққу сияқтанып, - дегендей, аспанмен таласқан зәулім «Бәйтерегі» бар Астана – бүгінде біз мақтанышымыз. Шетелдіктердің орталық Астанамызға қызыға қарайды.
Мен – қаныммен, жаныммен, арыммен, барыммен қазақпын. Мен қазақ болып туғанымды ерекше бір сезіммен, шексіз де шетсіз ықыласпен мақтан тұтамын. Қазақстан атты құдіретті елім үшін, топырағы киелі жерім үшін, жаңа ашылып келе жатқан қауызы қас - қағым сәтте әп - әдемі гүл шоғына айналған бақытты өміріміз үшін де мақтанамын.
Көгілдір аспан. Күн шайдай ашық. Зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып, еш уйамсыз қалыптап ұшып жүр. Еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлде алшақ болуын біз, келер ұрпақ, халық, баршамыз жаппай – тұрмай тілейміз. Бұл – Қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір - түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», - деген даналықтың түп қазығы осында.
Тарыдай болып кірген алтын ұя - мектебімнен таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат - міндеттерім айқындала түсуде. Қазақ атты елім барда, Нұр ағадай елбасым барда мен жаңа өмір есігін сеніммен ашамын, алғашқы қадамымды нық басамын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық сласы нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.
С. Мұқанов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Құсайынова Ақмарал Асылбекқызы

Менің Президентім!
(шығарма)

Көзге келген ыстық жас ытқып бір күн шықпасын,
Қынжылға толған кеуденің лықсып бір күні шықпасын.
Қайдан білсін?
Бұл қазақтың маңдайына торсықтай бір ұл дүниеге келмесін...
Айдай әлемге Тәуелсіз елдің көк байрағын желбіретіп тұрмасын.
Шерменде болған шерлі жүректерді жылы жүзбен, мейірімге қат болған,
Өз елінде өзімдікі дей алмай өзгелерге жаутаңдаған, жалтақтаған қазақтың
Тәуелсіздік таңы атты, көк күлімдеп, нұрын шашқан арайлаған күн туды.
Бүгінгі таңда еңсемізді көтеріп, тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, етек – жеңімізді қымтап, ержеткен баладаймыз... оңымыз бен солымызды ажыратар тұста Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүрекке қатқан жараны аялы алақанымен емдеуде. «Көрегенді басшы ел қамын ойлар болар» - деп бабаларымыз тегін айтпаса керек. Бізге берген Алланың сыйы шығар. Жүректегі жарамыз жазылып, езуімізге күлкі үйірілтіп ХХІ ғасыр табылдырығын нық сеніммен аттадық.
Бұл күн – білім, ғылым заманы. Қайда барсаң «Қорқыттың көрі емес», Мен – қазақпын! Көреген елдің ұланымын, қызымын жаутаңдамай жалтақтамай айта алатын бейбітшілік заманы.
Бұл уақытта мемлекеттік тәуелсіздік деп қазақ халқы ұлт рухының ұран, ұлт перзентінің қыран, жау қолында қалған сайын даланың қайтадан Тұран болуы деп білді.
Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз. Біз, бүгін тәуелсіз ел деп кіндік қанымыз Астананың асқаралы болуын, ордамызға құт береке қонуын, ұлт пен ұлыстардың арасы ынтымаққа толуын айтамыз.
Тілге шыққан сүйелден құтылатын күн туды,
Дінсіздіктің тамырына балта шабар күн туды.
Өз елімді, өз жерімді айдай әлем танитұғын күн туды.
Қазақ деген ел барын, қазақ деген жер барын білетұғын күн туды.
Бұның бәрі, бәрі де – Нұрсұлтан атамыздың арқасы.
Ынтымағын жарастырып, қазағымды айраныңдай ұйытқан.
Ұлттардың, ұлыстардың басын қосып,
Өзге елге үлгі болып, көшбасшысы атанған – деп, мақтанышпен жыр жазам.
Ақыл парасатымен, есті істерімен еліне ұйытқы болған қазақтың күре тамырына нәр берген менің Президентім мәңгі жасай берсін!

С. Мұқанов атындағы орта мектептің
10 - сынып оқушысы Мерекеева Зүлфия
Менің Президентім! (шығарма) жүктеу
6 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×