Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен өмірді қалаймын!

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мен өмірді қалаймын!
«Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық»-, деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай «нашақорлық және есірткі» егіз ұғым. Бұл адам баласының өзіне жасайтын ең өрескел қастандықтарының бірі. Осы сөздерді естігенде менің ойыма дүниежүзіндегі қаншама дерлік қасірет шегіп, қор болған тірі жан иелері көз алдыма келеді. ХХІ ғасырдың қасіретіне айналған бұл індетпен күресу әр адамның парызы деп есептеймін. Нашақорлық және есірткі ұғымдарын естіген кезде мен біздің болашағымыздың қандай болатынын елестетемін: айнала толған темекі қалдықтары, арақтың бөтелкелері, қылмыскерлер, тіпті адамдар арасында да сау адамды табу қиын. Көп адам түбегейлі дұрыс жолдан тайып, өз денсаулықтарын құртқан, ауа да таза емес, қанша жерден ауа - райы таза болып тұрсын, бірақта нашақор адамдардың арасында өзіңді жақсы сезіне алмайсың. Біздің болашағымыз дәл осындай болуы мүмкін.

Сау адамдар қалайша дұрыс жолдан таяды? Бұл сұрақтың бірнеше шешімі бар. Адамдардың дұрыс жолдан таюының бірінші себебі: жасөспірімдердің айналасындағы адамдар. Бала қанша жерден иманды болсын, бірақ - та оның айналасындағы адамдар оған кері әсерін тигізеді. Себебі, қоғамымызда қаншама адамдар осындай жолмен нашақорлық, есірткі сатушылық жолға түскен. Сол себепті де біздер айналамыздағы адамдардың салауатты дұрыстығына көз жеткізуіміз керек. Егер де біздің жақынымыз дұрыс жолдан тайған болса, оған көмек беруіміз керек немесе араны алыс ұстау қажет. Ал екінші себебі: адамдардың нашақорлыққа қызығушылығы, яғни, адамның темекі немесе есірткі заттарын тұтынып көргісі келетіндігі. Адам баласы есірткі заттарын қызығушылықпен бір рет қолданып көргеннен кейін оның құтылмас құрығына ілініп, темекі мен есірткі заттарына тәуелді болып қалады.

Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады. Кез - келген нашақор адам қылмыс жасауға құштар болады. Есірткі адамның денсаулығын ғана емес психикасын да құртады. Егер де біз нашақорлық және есірткі бизнестерін жойсақ еліміздің қылмыстық істер азайып, жарқын болашағы қайта жанданады. Сонымен қатар, бұл ісіміз полиция қызметкерлеріне де жасаған үлкен көмек болары анық. Сол себепті біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл басты мақсат! Егер есірткі заттары сатылмайтын болса қоғамымызда нашақорлық та жойылады. Бұл жұмыстардың барлығы жарқын болашақты қалыптастыруға жақсы әсерін тигізеді деген ойдамын. Алдыңғы буын аға - әпкелерімнің сара жолымен жүріп, кейінгі буын ұрпақтарының дара жолға түсуіне өз септігімді тигізу басты азаматтық борышымның бірі деп есептеймін...

Қорыта айтқанда, барлық адам өз болашағының жарқын болғанын қалайды. Сондықтан біз «есірткі, нашақорлық» ұғымдарын жоюымыз керек. Мен өмірді қалаймын!

Қызылорда облысы, Арал қаласы № 64 орта мектеп
7 «б» сынып оқушысы Алпамысова Айдана
2 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есірткісіз өмірді қалаймын
Есірткісіз өмірді қалаймын
Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар. Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Нашақорлыққа жол бермейік!
Нашақорлыққа жол бермейік!
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Бокей ордасы ауданы, Борли ауылы. М. Бегалиева атындағы жалпы орта мектебі Бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалім Сагадат Байболова Саржановна
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Бүкіл әлемге тараған жаңа ауру
Бүкіл әлемге тараған жаңа ауру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Өзін - өзі тану және биология пәнінің мұғалімі Абилова Динара Қасқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×