Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі әтеш

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Екі әтеш
Ертеде бір кемпір - шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып - қағыпты.
Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды.
- Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам - ау, – дейді. Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта - қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті - басы жұлым - жұлым болады. Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда, көршінің шібилері келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
5 231
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Күнді іздеген достар
Күнді іздеген достар
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды.
Мысық, әтеш және түлкі
Мысық, әтеш және түлкі
Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш Алтын айдарлы, Терезеге қарашы, Бұршақ
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Ә дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Екі әтеш
Екі әтеш
Шаттық шеңбері – Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×