Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жастар – болашақ кепілі

01 наурыз 2020, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жастар – болашақ кепілі
Қай кезде де «жастар – болашақтың қожасы» деп оларға үлкен сенім артылып, үміт күтіледі. Бірақ биылғы 2019 жылды Елбасымыз Жастар жылы деп ерекше атауы тегіннен тегін емес. Жастарда бұрқыраған қуат бар. Олар - қоғамдағы ең күшті адамдар, ата - баба тәлімімен рухтанған жастардың бойында үрейден гөрі үміт басым. Осы орайда Тәуелсіз Қазақстанның абызы атанған Әбіш Кекілбаевтың: «Мен іскер адамды да, қарапайым адамды да емес, рухани күшті адамды көрсетуді жақтаймын», - деген сөзі ойға оралады. Шындығында қазіргі жастардан, өз замандастарым мен аға буынға тетелес жас азаматтардың бойынан бір жаңа алға ұмтылушылық лепті байқаймын. Жастардың санасында әлеуметтік эксперимент жүріп жатқан сияқты. Әрине «бес саусақтың бірдей болмайтыны» секілді жастар әр түрлі. Үлкендер кейбір жастардың болашағына зор үмітпен қарайтын болса, енді бірде сол жастарды кінәлауға дайын тұрады. Осыдан келіп, ішімдік ішетін де, нашақорлықпен әуестенетін де, ұрлықпен айналысатын да жастар деген кереғар пікір қалыптасады. Рас, бұл аталған дерттің бәрі де қоғамымызда бар. Бірақ, «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын» деген ұлы Ахмет Байтұрсыновтың сөзін қуаттаған Елбасымыз жастарға басымдық берді. Сондықтан Мағжан ақын ізімен жастарға сенім артты деп ойлаймын.
Елбасы үкілеп сенген, болашақ кепілі болатын жастар еліміздің көркейгенін, дамыған елдер қатарына қосылғанын қалайтыны анық. АҚШ пен Австралия ғалымдарының пайымынша, жаңа технологиялардың дамуына байланысты қазіргі заманғы жастар өте көп ақпараттарға ие және ол ақпараттар күннен күнге өсіп келеді. Осындай шексіз ақпараттардың ағымынан дұрыс, маңыздысын таңдай білуді жастар дағдыға айналдыруда. Сол себепті Елбасымыздың тікелей бастамашылдығымен «Болашақ» бағдарламасы арқылы үздік студенттерді шетелде оқыту мәселесі жолға қойылды. Ұлтымыздың алтын қазығы – ауылды жандандыратын да жастар екені ескеріліп, «Серпін», «Дипломмен - ауылға», «Бизнестің жол картасы» секілді бағдарламалар жасалып, жемісін беруде. Білім айдынында еркін жүзіп, ғылым нәрімен сусындаған жастар күні ел ертеңі, ел азаматы атанады. Елді өрге бастайтын солар. Жүректері «Отан» - деп, соққан жастардың бүгінгі басты қалауы ел игілігі үшін жұмыс істеу. Олардың мақсаты айқын, тек ер мінезі мен бекем бірлігі басым болса болғаны. Сыр сүлейі Тұрмағанбет те:
Әрқашан алам, - десең, - төрден орын», -
Түзеп ал, татаусыз қып мінезіңді!- деп, ең бірінші «ортаға өнеріңмен емес, мінезіңмен сиясың» деп, жастарды көркем мінезді болуға шақырады.
Қорыта айтқанда, Шоқандай шуақты, Мағжандай мақтаулы, Султанмахмұттай сенімді жастар өз биіктерін бағындырып, жастық жігер - жалынын, ерлігін еліне арнайды. Бұл жолда бірлігі беріктер шың бағындырады. Атақты шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуовтің:
Деген бар: «төртеу түгіл - төрге шығар!»
Төрің сол - бақыт құстың айналғаны.
Алтау боп аузың ала бола қалса,
Дұшпанға құл боп анық байланбағы, - деуі де осы жолға шақырып тұрғандай...
М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің
3 - курс студенті Мұстафаева Арайлым
Жетекші: Маханбетова Ляйла Мұратбекқызы
2 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ел болашағы жалынды жастар
Ел болашағы жалынды жастар
Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды
Есірткісіз өмірді қалаймын
Есірткісіз өмірді қалаймын
Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар. Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру
EXPO жастар көзімен
EXPO жастар көзімен
Қазақстандық жастар «EXPO 2017» көрмесін әр жақтан жетілдіру мақсатында мемлекетке жан - жақтан қолдау көрсетуде. Осыған орай Қарағанды қаласында "Жасыл ел" бағдарламасы негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда, Жетісу жастары «EXPO - Жетісу» ұранымен
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр.
Физика және химия ғылымдарын насихаттау
Физика және химия ғылымдарын насихаттау
Құрметті достар! Баршаңызды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа Жылдық кәде сыйымыз ретінде жастар арасында химия, физика секілді іргелі ғылымдарды насихаттау, балалар мен жастардың осы ғылымдарға деген қызығушылығын арттыру
Келешекке кемел біліммен
Келешекке кемел біліммен
Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтерге қарасақ, республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×