Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе “Әке”

28 қараша 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссе “Әке”
Әке - асқар тау. Әр адамның өмірінде, әр отбасыда әкенің орны тым бөлек, тым биік. Сол шаңырақтың барлық ауыртпалығын көтеріп, балаларына тек “жақсы болсын” деп тәлім - тәрбие беріп, барлық жақсыны алдына тосатында осы әкелер.
Әке - ұрпақтың панасы. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы болып жүрген адам. Әкелер қанша жерден суық, қатал адам болғанымен, олардың айтқан сөздері әр қашанда дұрыс, берген ақылдарымен жүрсек ешқандай кем болмаймыз.
Менің әкем біз үшін, бізді жеткізу үшін аянбай еңбек етті. Арманы осы 3 ұл, 1 қызының жақсы жолмен жүріп, оларды өз орындарына қондыру. Ол кісінің жақсы қасиетінің бірі - біздің таңдауымызға қарсы келмейді. Біз не айтсақта, түсініп қарап, қолдап, демеп жібереді. Әкем тек бізге ғана емес, анамада ерекше қамқорлығын көрсетіп отырады. “Анаңа көмектес, анаңды тыңда” деп үнемі айтып жүреді. Маған барлық жылулығын көрсетіп, еркелетіп, мені ешкімнен кем қылмай жүргені үшін әкеме алғысым шексіз. Мен оны қатты жақсы көремін.
«Әкеге қарап ұл өсер» деп бекер айтпайды. Себебі, мен әкенің бойынан тек күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, барлық жақсы қасиеттерді көремін. Бірақ, әкеніңде түр - түрі болады. Бірі жаман, бірі жақсы.
Әкең барда өзің бисің, төресің,
Әкең барда асқар таусың, төбесiң,
Әкең сенiң айналаға айбатың,
Қорқынышты әкең өлсе көресiң.
Сондықтан, әкелеріміз қандай болсада, тірі кезінде бағалап, қадірлегеніміз жөн. Жаман болсын, жақсы болсын ол бізді дүниеге әкелген адам. Оларсыз біз ешкім емеспіз.
Алиева Арайлым
1 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке - отбасы тірегі
Әке - отбасы тірегі
Әке - ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Отбасы үшін әкенің орны бөлек. Әке - бала тәрбиесіндегі басты тұлғаның бірі.
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау. Отбасында әкенің алатын орны бөлек. Әке сол шаңырақтың бар ауыртпашылығын көтеретін асырап бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.
Әке (эссе)
Әке (эссе)
Әке туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әке осы өмірдегі асық адамдардың бірі. Әке - Асқар тау ол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасыны асырап, бізге тәлім тәрбие беруге тырысады.
Әке
Әке
Әке - деген үш әріптен құралған сөздің бізге берер мағынасы өте зор. Әке - әлемдегі керемет есім. Әке - отбасының тірегі, қамқоршысы, асыраушысы, қолдаушысы әрі қорғаушысы.
Әке - құрметті есім
Әке - құрметті есім
Әке туыстық терминдер жүйесіндегі түпқазық ұғым, өйткені қазақ шежіресінде жеті атаға дейін санау дәстүрінде санат әкеден басталады. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×