Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арал теңізіне Сібір суларын жеткізу жобасы

02 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Арал теңізіне Сібір суларын жеткізу жобасы
Тарих ағымының заңдылықтары туралы ілімдер жүйелі сөз айтады. Өткен кезеңдер құбылыстарының өмір диалектикасы қайта оралып соғып отыруы да сол ілімдер сөзінде ескеріледі. Қайта оралып соғатын құбылыстардың, әрине,озығы да,тозығы да болмақ. Өткеннің бүгінімен үндесіп, болашақпен қолдасатын кей жәдігерін сол, озық нәміндегі игі құндылықтар деу - қисын реті.Оларды уақыт талабында түстеп –тану, бағамдап –ұқсату біздің парасат - пайымызға байланысты.

Алдыңғы ғасырда солтүстік іргеміздегі Сібір суларының бір бөлігін Орта Азияға жеткізу мәселесі байыпты сөз болған. Ал өткен ғасыр сол жобасына түрен саларға ниет етіп еді. Аяқ астынан, уақыт желі өзгерді. Және бір жайты: дана табиғат, тарихи тұрғыдан « күні кеше » ғана, сонау Азау –Каспий арасын Маныш –Шоғырай жүлгесіндегі бұғазбен жалғап жатты. Уақыт ағымында ол арнаны жер қыртысының
қозғалысы бітеп тастады. Осынау, бірі - болмыс ұйғарымды, бірі - адам әрекеті нысанындағы екі мәселе, араға ғасырлар салып, біздің болашақ мүдделі, ізденіс - ынталы назарымызға тағы қайтып оралды.

Алып ауқымды идеялар кешені алға тартылды. Егемен ел сипаты біздің ақиқатымызға айналды.
Сібір өзендері суларының бір бөлігін бұрып, Орталық Азияға жеткізу адамдардың ғасырлар бойғы арманы десек, артық айтпағандаймыз. Бұл тек инженерлік, техникалық идеялардың кереметтей жүзеге асуын мұрат еткен тар мақсатты ұмтылыс емес, Еуразияның даңғайыр кеңістігінде тарихи , яғни адамзатқа айта қаларлықтай экономикалық, әлеуметтік, экологиялық игіліктер мен оң өзгерістер әкелуі пайымдалған алып жоба болатын. Бірақ осынау талпыныстардың талабы әр кезеңде әртүрлі тығырықтарға маңдай соғумен келеді.Заманалар бастан кешкен көп оқиғаларды айтпағанда алдыңғы ғасырдың техникалық мүмкіндіктері «ой жеткен жерге қол жетпестей » төмен болады.Өткен ғасырдың тарихи, саяси оқиғалары бұл талаптың жолын әлденеше рет кесті. Мұның соңғы мысалы : КСРО атты, көп халықты одақтастырған алып мемлекет тарады.Және, сонымен қатар, сол кездегі Ресей зиялыларының да осыған біраз себебі болды.

Кешегі ғасырдың 80-ші жылдары орыс жазушы – қайраткерлері әбден зерттеп, негізделген, басталуы әне-міне күн тәртібінде тұрған Сібірдің бір үлес суын Оңтүстікке бұру ісіне қарсы үн көтерді.Ол қозғалыстың басында В.Распутин,С.Залыгин секілді танымал қаламгерлер тұрды. Олардың басты уәждері Сібірдің орман-тоғайлы, өзен көлінің ықтимал зардап шегу қаупі болды (Одақтастық қауымындағы қызық ұстаным : қасірет шегіп жатқан Арал жайы мәнсіз,ал болуы -болмауы белгісіз қауіп үшін сондай келісімді сөз айтуға болады. Арал,ең алдымен, сол бауырластар үшін барын берді ; экологиялық қасіретті де сол үшін кешіп жатты емес пе?...) Оңтүстіктегі бір қауым елдің, әлгі, одақтық, ағайындық, шаруашылық дәстүрде үміт артып отырған күтулі жолы солай кесілді.

Әміршіл, әкімшіл, бәлкім, империялық астам психологияның дегдар руханият саласын да дендеп кеткен сәті еді.
Дүние жаңғырды. Әлемнің алтыдан бір бөлігі аса жаңа тарихқа қадам басты. Егемен еліміз мүддесі біздің ізденіс көкжиегімізге айта қаларлықтай кеңейтті. Сол ауанда шұрайлы өлкелеріміз бен шөлейт жерлер үшін мол су қажеттілігі өткір көтеріле бастады. Әрине,суға қатысты жайттарды, төңіректегі үрдістер ретімен, өз қом суларымызды - мысалы, Ертіс ағынан - шетін шығармай, өзімізде қалдыру әрекетіне баруға болар еді. Бірақ бұл биік өркениет мұратты ел үшін әлемдік қауымдастық контексіндегі шалағай шешім көрінері сөзсіз. Бізге парасат тұғырындағы көшелілік жолы керек. Сірә, осы реттен, солтүстік көршіміз де Сібір суы мәселесіндегі бүгін енді өзі ынталылық таныта бастады.

Нұрман Лаура
№ 266 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 529
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Экология
Экология
Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады.
Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы және оның шешу жолдары
Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы және оның шешу жолдары
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан.
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
13 - 15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір Конспект 13 ғасырда Қазақстанның солтүстік - батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы.
Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолын біз «көрме» арқылы қалайша көрсете аламыз?
Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолын біз «көрме» арқылы қалайша көрсете аламыз?
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Зейнулла Айгүл Қонысбекқызы
Ноғай хандығы
Ноғай хандығы
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×