Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен елімнің азаматымын

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану пәніне оқушылардың қызығушылығы өте жоғары. Сабақ барысында тыныштық сәтін, музыка ырғағында демалғаны, тренингтер жүргізілгенін жандарына жақын тартады. Сондықтан бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілік рухта тәрбиелеуге ұйытқы болатын бұл пәнге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеймін. Мен бұл пәнді жүргізгеніме екі жыл болды. Өзім әр сабағымды тартымды өткізуге тырысам. Әр сабақ барысында тың идеялармен өткізуді жоспарлап келем. Бұл идеялар, шығармашылық шабыттар маған «Өзін - өзі тану», «Самопознание» журналын оқу арқылы жүзеге асырам. Мен екі жылдан бері осы журналдың тұрақты оқырманымын. Сондықтан өзім секілді әріптестеріме өз іс - тәжірибемнен 4 - сыныпқа арналған « МЕН ЕЛІМНІҢ АЗАМАТЫМЫН» сабағымды ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымын
Мақсаты:
- оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
-«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Міндеттері:
- туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- елжандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспалар, суреттер, оқулықтар
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тыныштық сәті. Иран баққа ойша серуен
Мұғалім: Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмбауға да болады. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті. Сол кезде сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сәулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы, қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке қарай асықтың. Кенет алдыңнан Иран бақ кездесті. Бақтың ішіне жайлап еніп едің тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан ескен самал жел, бәрі - бәрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен, ұстазыңмен тезірек бөлісуге асығып мектебіңе келдің. (Музыка жіберіліп бір сәт тыңдатады)
- Ал балалар сен мектепке келе жатқанда қандай сезімде болдың?
- Туған жеріңді көз алдыңа қалай елестеттің?
Оқушылар пікірі тыңдалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырып ашылады
Жаңа сабақ: Мен елімнің азаматымын
Балалар Сендер азамат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Сен өз еліңді қалай сүйесің?
Нағыз азамат – деп кімді атар едің?
Оқушылар жауабы тыңдалады
Экраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледі
Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады
- Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар?
-«Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім»- дегенді
қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу:
С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін»мәтіні үнтаспадан тыңдалады.
Мәтін бойынша жұмыс жасалынады.
Жетекші сұрақ.
*«Туған жерсіз адамын күні жоқ»- деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Өз елің несімен ыстық?
*Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің?
Дәптермен жұмыс:
Біз мәтінмен жұмыс жасап жатқанда Гаухар апайларыңыз сурет салды. Сол суретке ат қойып шағын әңгіме құраймыз.
Оқушылар жауабы тыңдалады
Мұғалім сөзі:
Туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю - әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып - өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан - алтын бесігіміз, ата - анамыз!
Дәйексөз «Ел іші - алтын бесік»деген мақал берілген осыны қалай түсінесіздер.
Оқушылар пікірі.
Мұғалім сөзі: Ел іші - алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.
Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.
Оқушылар пікірі.
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейрімді
А - абыройлы
Т - тәрбиелі
Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.
Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Ата заңымыздың 30 бабында Азаматтар мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға міндетті
Ал, 36 бабында Қазақстан республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті - деп атап көрсетілген. Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу керек.
Тыныштық сәті.
Балалар біздер бүгінгі сабақта нұр сәулесінен қуат алып білімімізді тиянақтап үнемі елдің алғысына бөленіп, үлкендерден бата алып, кішілердің құрметіне бөленіп, тәуелсіз қазақстанды көркейтетін нағыз елжанды азамат болуды үйрендік. Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Топпен ән айту.
Н. Тілендиевтің «Өз елім»әнін аудио кассетадан тыңдату.
Үйге тапсырма «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына эссе жазу.
34 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен елімнің азаматымын!
Мен елімнің азаматымын!
Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмбауға да болады. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті.
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Мен елімнің кішкентай азаматымын
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отанға деген ел туралы түсініктерін кеңейту.
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
Өзімді өзім танумен өсіп келем...
оқушылардың өмірдегі ұстанымын болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен
Елімнің ертеңгі иесі - біз" атты ән минусовкасымен Сөзін жазған: Еспенбетова Загира Музыкасын жазған: Еспенбетова Ақзира
Мен елімнің кішкене азаматымын!
Мен елімнің кішкене азаматымын!
ЖББОМ № 65 мектеп. Мектепке даярлық тобының ұйымдастырған ашық сабағы. мұғалімі: Бекова Ақбота Токеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×