Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең алғыр, ең талантты ана мен бала

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Ең алғыр, ең талантты ана мен бала

Сабақтың мақсаты:
• Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата ана мен баланың қарым қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту,
• Ата ана ролін ерекшелендіру, Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу;
• Ата - анамен байланысты нығайту. Бірін - бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, оқушылар, ұстаздар! Епті, ұйымшыл, алғыр, шапшаң жанұяны анықтайтын « Ең алғыр, ең талантты ана мен бала» атты сайысына қош келіпсіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ертеден түсінген. Бала - өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт - дәстүр, әдет - ғұрпын, қалыптастырған. Әже мен ана тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше. Ондай тәрбиені көрген бала болашақта ізетті, инабатты адам болып өсуіне күмән жоқ.
Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып сайыскерлер шықты кәне
Көрермен қошеметтеп қол соғады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық:
1. Қиятов Оралбек анасы Ізтлеуова Ардақ
2. Елубай Саят анасы Тлеубергенова Құлпынай

Аналарды балдарымен ортаға шақырамыз. Бәріміз шеңберге тұрып, гүл арқылы бір бірімізге жақсы тілектер айтайық. Тақтада берілген жұлдыздың суретінде сайыскерлердің реттік саны белгіленген. Сол арқылы әрбіреуіміз өзіміздің реттік санымызды таңдайық.

Сайысымыз төмендегі кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Сұрақ жауап
3. Өз өнерін көрсету.
4. «Біздің жанұя» (сурет салу)
5. Маған қымбат жандар (эссе жазып келу)
Сайыс болған соң, оның әділ бағасын беретін әділ қазылар да болады. Ендеше сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1.
2.
3.
Енді сайысымызды бастайық:
1. Таныстыру:

Ана мен бала келді ортамызға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға.
Дей келе, әр ана мен бала ортаға шығып өздерін таныстырып өтеді.

2. Сұрақ – жауап
Балалар әділ қазылар алқасының алдындағы әр түрлі түсті қорапшаны көріп тұрған боларсыздар. Сол қорапшаның ішінде не бар екендігін кім айтып береді екен? қанеки кім айтады.? Дұрыс балалар ол қорапшаның ішінде сіздерге яғни бүгінгі сайысымызға арналған сұрақтар бар. Ендеше сол қорапшаны реттік сан бойынша келіп өздеріңе ұнаған түсті қорапшаны алайық. Қорапшаның ішінде екі сұрақтан бар: біріншісі анамызға ал екіншісі балаларға арналған. Қанеки енді сайысымызды жалғастырайық. Сұрақтарға ойлануға 1минут уақыт беріледі. Қай оқушымыз бірінші жауап береді екен көрейік.
1. балаңыздың сүйікті ертегісінен рөлге еніп үзінді айтып беріңіз?
Анаң саған қандай тамақтар пісіреді?
2. балаңыз сіздің рұқсатынсыз ұялы телефоныңызды мектепке алып кетті. Сіз кешке қандай шара қолданасыз?
Бауырсақ ертегісінде бауырсақ кімнен қашып кетеді?
3. балаңыз сіздің жинаған жеріңізді шашып тастай береді сіздің әрекетіңіз?
Ата анаңды қалай жақсы көресің?
4. үйде қонақтар отыр, балаңыз қайта-қайта келіп мазаңызды алды. Сіз не істейсіз?
Өскенде кім болғың келеді?
5. балаңыз сізді тыңдамаған кезде қандай шара қолданасыз?
Сені анаң қалай еркелетеді?
6. Балаңыздың еркелеткен сәтіңізді көрсетіңіз?
Достарыңа қандай тілек айтасың?
Ойын: аналарымыз өз баллдарын басқа балалардың арасынан тауып алу қажет.

3. Өз өнерін көрсету
Жарайсыңдар барлығым да өренім,
Асып бір төселсінші кемерің.
Ырза болып, біздер ғана көрелік,
Тамашалап сайыскерлер өнерін

4. Біздің жанұя сурет салу
Әр топ плакатқа өз жанұясының суретін салады. Балалары суреттеп өту керек.
5. маған қымбат жандар эссе
Оқушылардың үйлерінен жазып келген шығармаларын тыңдайық.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділ қазылар ұпай санын есептей болғанша біз « қара жорға болмаса, тойдың сәні келе ме,» дегендей, барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. « қара жорға» биі билейді.
Қорытынды:

«Ақ сүті оның өтеусіз жәй қала ма?
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер анаға
О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасыңдағы, кәрің де
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар Ана деген тәңірге!» (А. Шәмкенов)

Құттықтаулар, сыйлықтар тапсыру.
16 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Талантты және дарынды баламен жұмыс
Талантты және дарынды баламен жұмыс
Дарынды баланы анықтау бойынша мұғалімдердің зерттеушілік жұмыстарды жүргізе білуіне көмектесу, бағыт - бағдар беру.
Отбасым - бақыт мекені
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
Отбасылық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева А.Д.
Ана мен бала сайысы
Ана мен бала сайысы
Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×