Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек - бәрін жеңбек

29 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Балғабаева Перизат Мұратқызы

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек - бәрін жеңбек»
Мақсаты: «Еңбек» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру.
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту.
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, суреттер, интерактивті тақта, заттар.

Ұйымдастыру: сынып үш топқа бөлінеді, назарлары сабаққа аударылады.
Тыныштық сәті: жәй ғана музыка әуені тыңдалады
Оқушылардан әуенді тыңдау барысында не аңғарғаны сұралады. (аққан судың, құстардың шиқылдап салған дыбысы т. б.)
Мұғалім сөзі: дұрыс айтасыңдар яғни табиғат құбылысы,
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыстан кейін қай мезгіл келеді?
Бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келіпті, ол кім екенін біліу үшін екі оқушыдан үш топтан шығып құрастырып шығару керек.
Күннің суреті шығады. (күннің суреті тақтаның жоғары жағына ілінеді) бізге күн шуағын шашып, сыныбымызды нұрға бөлеп түр. Бар өміріміз осы күндей жарқырауына мен де тілектеспін.

Біздің ұранымыз:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Үй тапсырмасын сұрау: «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгімені сұрау
3 топтан үш оқушыға мазмұндату.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
- Сендерге қай пышақ ұнады?
- Мысалдағы қара пышақты қандай адамға ұқсатуға болады?
- Сары пышақты қандай адамға ұқсатуға болады?
- «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар ойы тыңдалады.
- Сахналық қойылым: Қайдан келдің бауырсақ? бастарына қойылым кейіпкерлерін киіп ойнайды. (автор, қуыршақ, бауырсақ)
- Дәптермен жұмыс: Үйден жазып келген «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбындағы әңгімелерін оқыту.
- Сергіту сәті: өлеңі оқылады (қимылмен оқушылар көрсету арқылы )
Еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты – Еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек
- Күннің әкелген тапсырмасын орындайық (Жақсылардың жақсысы) тақырыбы шығады

- Жаңа тақырып «Жақсылардың жақсысы» аңыз оқылады
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау - бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қыз:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:
- Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!
Сұрақ: - Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты жақсылардың жақсысы дейді?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
- Әрі қарай аңызды жалғастыру
- Ұршық пен өрмек болса еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндірді әкесі.
- Сөздік жұмысы:
Ұршық - шүйкелеп жүн иіруге арналған жеңіл құрал.
Өрмек - тоқуға арналған құрал.
- Түсінгендерін білу мақсатында сұрақтар беру:
*Неліктен әкесі ұршық, кітап, өрмекті «жақсылардың жақсысы» дейді?
*Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
- Топтық қорғау: 3 топқа ұршық, өрмек, кітап суреттері бар парақ беріледі. Сол бойынша топпен бірлесе отырып, бір оқушы пайдасы туралы айтады.
- Топпен жұмыс: (өлең жолдарының мағынасын ашу)

1 - топқа Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан.
2 - топқа
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын кетпес қасыңнан.
3 - топқа
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең, табылар,
Бар жақсылық басыңнан.

Дәптермен жұмыс
Мұғалім балаларға дәптер бетіне берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемді тақтадан оқуға тапсырма береді.
ашық.
Балалар ауласына барды.
Қолдарында күректері бар.
Олар бақшаға отырғызу үшін жиналды.
Ербақыт пен Ерлан – пен жер қазды.
Еркінбек пен Дархан тырмамен тырмалады. Балалар гүлдердің дәнін сеуіп шықты. Әсел, Аяулым, Ақбота шелекпен су құйды. Балалар жаздай еңбектенді. Күзде өз еңбектерін көріп қуанды.

Қорытынды:
Еңбек – адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс - әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді.

Ән орындалады
Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым - ай.

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бол қандай,
Жақсы көрер бар адам.
- Рефлексия
• Бүгінгі сабақта не ұнады?
• Не қиын болды?
• Әр топтың басбармақ арқылы бір - біріне бағасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Еңбек етсең емерсің
Еңбек етсең емерсің
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×