Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өміріңді аяла!

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Ақтөбе қаласы, №15 орта мектебінің
әлеуметтік педагогі Әуезова Эльмира Мергенқызы

Тақырыбы: Өміріңді аяла!
Мақсаты:
А) Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Ә) Өмірден өз орнын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Б) Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында көп орын алып жатқан өз - өзіне қол жұмсауды алдын - алу мәселелерін қарастыру.
Эпиграф: "Өмір ойын сияқты, біреу күресу үшін келеді, біреу саудаласу үшін, ал ең бақыттылары қарап тұру үшін". Пифагор.
Өтілу түрі: ойталқы
Көрнекілігі: презентация, бейнебаян, интерактивті тақта
Қатысқандар: 7, 8 класс оқушылары

Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім.
Нақыл сөздер:
- Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы. М. Мақатаев.
- «Өмір — теңіз, Өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» Рудаки.
- «Өмірдің қызығын көрудің бір - ақ жолы бар: батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» Дж. Неру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі кездесуімізді Ш. Сариев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар
Өмір деген тұрмайды қап - қарадан
Ш. Сариев
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де, тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!

III. Ойталқы
- Ақын «АҚ» және «ҚАРА» деп нені меңзеп отыр?
- Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
- Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
- Адам баласы не үшін өмір сүреді?
- Өмір деген несімен қымбат?

IV. Мағынаны тану.
"Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді", - деген Омар Хайям наурыз хадистерінде.
Дұрыс пайдалана білгендерге өмір қысқа емес. Дұрыс пайдалана білмегендерге уақыт жетпей қалған сияқты болады. Тығырыққа тірелдім деп түңілгендер - өзіне берілген уақытты өздері қысқартып жүргендер.
Адамзат тарихындағы ең алғашқы философиялық трактаттардың бірі - египет папирусына жазылған "Өмірден түңілген адамның өзінің рухымен әңгімесі" деп аталатын шығарма. Бұнда адам өзінің рухымен сөйлесіп, оған: бұл өмір нашар, сондықтан мен өзіме - өзім қол жұмсап, тезірек жоғарғы өмірмен қауышсам, - дейді. Оған рухы: төменде қалай болса, жоғарыда да солай, - деп жауап қатады. Демек, жоғарғы жақта жақсы болуы үшін, төменгі жақ дамыған болуы керек. Бұл өте ерте заманғы ақыл. Оның белгілі болғанына үш мыңдай жыл болды.
Өмірдегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 739
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмір – таңғажайып әлем
Өмір – таңғажайып әлем
Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салады, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиеленеді; Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйренеді.
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім - сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Өмір мен сені сүйемін
Өмір мен сені сүйемін
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Өмір теңіз
Өмір теңіз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×