Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа деген сүйіспеншілік

10 сәуір 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Мақсаты: Табиғат әлеміне балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, Табиғатқа, туған өлкеге сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері: Табиғатты аялау
Құрметтеу
Сыйлау
Қадірлеу
Қамқор болу

Табиғат - адам, өсімдік, жануарлар үндестігі

Табиғат дегеніміз не?
1. Тіршілік атаулының бар арманы – ауа
2. Тіршілік көзі – су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4. Орман сәні – құстар
5. Табиғаттың сұлу мүсіні – хайуанаттар.

Тыныштық сәті

Дәйексөз
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат - Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат - Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
саяхатымыздың мақсаты: сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат - Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі.

Әңгімелеу
Н. Ақышев. «Табиғаттың бөлшегі»

Ертеде бір Данияр деген бала болыпты. Ол қалалы жерде өскеннен бе аурушаң болыпты. Жиі ауруханаға жататын болған екен. Бір қызығы - дімкәстігі оны қынжылта қоймапты. «Бала болған соң, осылай науқастану керек шығар», деп ойлайды. Сөйтіп, дәріге үйір болыпты. Данияр өмірге келгелі көргені әдемі биік үйлер, жарқылдаған жарықтар, Асфальт төселген көшелер, ағылған машиналар екен. Бір күні солардың арасынан жасыл желекті ағаштар мен әдемі гүлдерді көзі шалып қалады. Ол анасынан:
- Апа, ана нәрселер не?- деп сұрайды.
- Олар - ағаштар мен гүлдер, Табиғаттың бөлшегі - дейді

- Өздері сондай әдемі! Ал сонда Табиғатта әдемі ме?
- Табиғат деген - дүниедегі ең сұлу нәрсе, сонда оның бөлшегі де сұлу болады ғой
- Табиғаттың өзі қайда?
- Табиғат па?- анасы ойланып,- ол қала сыртында, біздің тұрған жеріміз Табиғаттың бұрынғы орны, адамдар үй салып, ығыстырған.
- Түсіндім. Қала болған жерде Табиғат болмайды екен ғой.
- Дұрыс. Қалада тек Табиғаттың бөлшегі ғана орналасқан.
- Бөлшегінің өзі қандай әдемі! Ал, Табиғат тұтас өзі қандай болады екен? Көргім келеді. апа.
Анасы баласын қала сыртына алып шығады. Жазық даланы, тау - төбені, сай - жраны аралап, жалаңаяқ өзен кешіп өтеді.
- Алақай!- Данияр шаттанып айқайлап.- Табиғат неткен тамаша! Айнала қандай кең! Мұндай ауаны өмірі жұтқан емеспін. Бұрын неге Табиғатқа шығармағансыңдар, анашым?
- Балам - ау оған уақыт болды ма? Ылғи ауруханада болдың ғой.
Сонымен. Данияр қолы босаса табиғатқа шығып серуендейді. Тауғ шығып, самал жұтып, тоғайға жүгіретін. Осылай ауруынан да жазыла бастайды. Дәрі ішуді қояды, ауруханаға жатпайтын болды.
- Апа, білесің бе? Табиғаттың бөлшегі гүл мен ағаш емес екен.
- Иә, су ауа демекшісің ғой,- дейді апасы
- Әрине оларға дауым жоқ. Сонымен бірге Табиғаттың бөлшегі - мына мен екенмін. Өйткені, қала сыртына шықсам болғаны, өзімді еркін сезінемін!- деп айқайлап жүгіре жөнелді....

Шығармашылық жұмыс
Табиғат бөлшектері:
3 - топқа бөліну
1 - топ: Адам
2 - топ: Өсімдік
3 - топ: Жануарлар
Ән. А. Құнанбаев.
«Желсіз түнде жарық ай»

Үйге тапсырма
Туған жердің табиғаты» тақырыбына өлең шығарып келу

Табиғат - сұлу мекенім
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп, ер жетіп
Биікке самғап жетемін.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«№11МФММ»КММ мектебі
Өзін - өзі тану пәні, мұғалімі:
Муханова Рысь Орынбасарқызы

Слайдты жүктеу
22 165
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Аяласаң, табиғатты аяла
Аяласаң, табиғатты аяла
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті
Табиғатты танып, білейік
Табиғатты танып, білейік
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы. бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Табиғат - тіршілік бесігі
Табиғат - тіршілік бесігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досанова Ғазиза Сүлейменқызы
Табиғатты аяла
Табиғатты аяла
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге мейірімділікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×