Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйіспеншілік - өзін-өзі тану қағидаты

11 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Сүйіспеншілік - өзін - өзі тану қағидаты
«Өзін - өзі тану» білім беру бағдарламасы – жас өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесіне нәр беруші, ол – адамның өзін - өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Осы орайда, жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін - өзі тану» пәнінің орны ерекше. «Өзін - өзі тану» бағдарламасы адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін - өзі басқару негізінде адамгершілік - рухани әлеуетін көтеруді басты мәселе етіп қарастырады. Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуда бұл пәннің мәні ерекше зор. Өйткені, бұл – кіріктірілген бағдарлама.

Бұл пән жеке тұлғаның өзін - өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жеке тұлға ретінде өзін - өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүниетанымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт - бағдар береді. Адамгершілік - рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.

Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан нарықтық – экономикалық, саяси – идеологиялық және рухани - әлеуметтік өзгерістерге белсене араласып, оның талаптарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан – жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай – ақ, адамда кездесетін әр түрлі қиындықтардың алдын - алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап етеді. Әсіресе, еліміздің өркениетті – техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып табылатын адам мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технологияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешуде, тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді.

Өзің - өзі танудағы махаббаттың мәнін былайша түсіндірді Сара Алпысқызы «Сүю қабілеті өмірге жаңа келген нәрестенің бойында да бар. Нәрестенің бойындағы бұл жоғары сезімді бағбандай баптап, аялай білу керек, сонда ғана бала ерте ме кеш пе өзінің өмірлік міндетін, ғұмырының мәнін түсінеді.»

«Өзін - өзі тану» сондай - ақ, «пәнаралық тұрғыдан да жүзеге асырады, барлық оқу пәндерін «адам – құдай - әлем» контекстінде біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар өз бағдарламасында гуманитарлық білімді (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғат туралы білімді (биология, физика, астрономия) біріктіреді. Барлық пәндер өзара адамға деген қатынас тұрғысынан байланысты болады. Ол өзінің ішкі әлемін сыртқа кескіндейді және керісінше, осылайша әлем тарихының барлық оқиғалары оның өз өмірбаянының оқиғасына айналады.

«Өзін - өзі тану» курсы жас ұрпақты жан - жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу мен оқы
туға барлық мүмкіндік жасауда. «Өзін - өзі тану» пәні балабақшалар мен мектептерге эксперимент ретінде енгізіліп, сонымен қатар білім беру мекемелерінде оқытылатын болды. «Өзін - өзі тану» курсын үйлестіруші Республикалық «Бөбек» оқу - сауықтыру орталығы. Өзінің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 2003 жылы ақпан айында құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты арқылы қажетті зерттеулер жүргізілді. Институтта Қазақстандық ғалымдар, мамандар адамның үйлесімді дамуын зерттейтін, жаңалық енгізетін әдіс - тәсілдерімен, «Өзін - өзі тану» курсының мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау ісімен, оқу - әдістемелік, хрестоматиялық оқу құралдарын шығарумен айналысады.

Өзін - өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін - өзі танудың дамуы адамның практикалық іс - әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін - өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды. Өзіндік сана мен өзін - өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін - өзі тану шығады.
Риясыз сүйіспеншілік сұлулыққа, байлыққа тәуелді емес, ол шынайылықтың, риясыздықтың белгісі. Адамның сүйіспеншілік қуатының толымдылығы ішкі жан дүниесі мен тәнінің үйлесімділігіне әкеледі.

Гулжан Джаманшалова
4 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы өзін - өзі тану пәнінің рөлі
Өзін - өзі тану оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарын анықтауына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті
Өзін – өзі тану – әлемді тану
Өзін – өзі тану – әлемді тану
Білім алушылардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым – қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез - құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай - ақ шығармашылық шыңын көтеру.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Б. Т. Ешмұхаметова
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×