Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы

02 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары
2017 - 2018 оқу жылы
Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі
Мақсаттары:
• өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
• түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
• өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым - қатынас жасау;
• адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
• өзімен - өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс - әрекеттерінде шынайы болу;
• жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
• өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
• қоғамға қызмет ету дағдысын іс жүзінде дамыту.
Мектеп бітірушілерінің негізгі біліктері білім беру үрдісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата - аналар, қоғам) үшін бағыт - бағдар береді және өзін - өзі тану пәнінің мазмұнын анықтауға, сол сияқты рухани - адамгершілік білім беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғары сатылары үшін өзін - өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған

Міндеттер:
♦ оқушылардың өз - өзіне адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым - қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
♦ өзін таныту арқылы өзгелерді, әлемді және адамзатты танып - білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзін жақсы көру арқылы өзгелерге жақсылық жасау, олардың бойындағы жақсы көру сезімін құрметтеу;
♦ өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс - әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
♦ адам мен ішкі және сыртқы ортаны өзара байланыстығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір - бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудың негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіктерін арттыру;
♦ әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез - құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
♦ белгілі бір мағынадағы ақпараттардағы жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно - мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
♦ күнделікті өмірді нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, ұжыммен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат
2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×