Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғаламшар ғажаптары

10 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану пәнінің сабақ жоспары 7 сынып
Тақырыбы: Ғаламшар ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау;
Мақсаты: Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.
Міндеттері:
- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
- қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
- қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. 5Т
Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

Үй тапсырмасын тексеру
Ұ. Доспанбетов
Ғарыш әні
- Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?
- Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?
- Айналамыздағы әсемдікті сезінуге сендерге не көмектеседі?
- Қоршаған ортадан еш сұлулықты көрмейтін адамдар бола ма?
- Адам сұлулықты сезіну үшін не істеу керек?

Дәйексөз
«Ғаламның ғажайып сыры – адамда» (Чарльз Дъюк)
Мұғалім сыйы

Әр адамға туған жері, Отаны, туып өскен өлкесі қымбат. Сәби дүниеге шыр етіп келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық, тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.
Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жерге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең, Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың. Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың. Бұл барлық адамда болтын сезім. Атамекенің – алтын ұяң. Тіпті алтыннан да қымбат.

Мектебі: Қаракөл орта мектебі
Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна

Ғаламшар ғажаптары. жүктеу
1 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмір - мәңгілік жасампаздық (қарым - қатынас)
Өмірдің мән - мағынасын ашып, ешкімге қиянат жасамай өмір сүруге бейімдеу.
Сабырлылық пен ұстамдылық
Сабырлылық пен ұстамдылық
Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру; Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×