Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адалдық пен әділдік

15 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сынып сағатының тақырыбы: Адалдық пен әділдік.
Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.
Түрі: Тренинг

Тренинг ережесі
бір - бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым - қатынас
жағымды эмоция тудыру
өз ойларын ашық жеткізу
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері»
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі - түсті жіп орамы.

ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …
II - топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.
Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Адалдық (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
4. Әділдік жолы
1. «Мақсат»
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой - санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс - әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс - әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл - ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс - әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III - тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
Тапсырма № 1: алдағы он жылға мақсат қоя біл. Жоспарың мен мақсатыңды айқындап ал. Он жылдан кейін өзіңді қандай адам ретінде көргің келеді? Және оны мақсаттан тұратын баспалдаққа жазып қой.
2. «Мотивация (іс - әрекетке деген түрткі)».
Мотив дегеніміз бұл – түрткі яғни адамды іс - әрекетке бағыттайтын ішкі күш.
Тапсырма № 2: алдарыңдағы жетістікке жету жолындағы баспалдаққа мақсатқа жету жолындағы матив түрлерін жазыңыз (оқушылар кезегімен матив түрлерін оқып береді). Ал енді сіздердің назарларыңа келесі бейнебаянды қарауды ұсынамын.

IV тапсырма: Видео «Батыл арманда. Арманыңа сен!!!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
Сіздердің назарларыңызға келесі видео ролик ұсынылады: «Мен адалдыққа жету үшін....»Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
Психолог: Белгілі педагог Ушинский айтқандай «Өз бетінше жұмыс - жетістікке жеткізудің бірден бір жолы» яғни өз бетімізше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткізуіміз керек екен.
Белгілі тұлға Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады» деген.
Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!

Психолог: Білімге 3 - жол алып барады.
Ойлау, оқу жолы - бұл ең парасатты жол.
Еліктеу, ұқсау жолы - бұл ең оңай жолы.
Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы - бұл ең ащы жол. Оқушылар, Еңбек етіңдер, сонда мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер. Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)
12 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді пікірлесу сағаты
Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді пікірлесу сағаты
Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу.
Адалдық пен адамдық
Адалдық пен адамдық
Адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Адалдық – ардың ісі
Адалдық – ардың ісі
Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;
Жаныңда жүр жақсы адам
Жаныңда жүр жақсы адам
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету, жанашырлық
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
Адалдық пен әділдік
Адалдық пен әділдік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. 1. Білімділік: адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×