Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани даму пәні ретінде

18 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Көкшетау қаласының білім бөлімі
«Өзін – өзі тану» мұғалімдерінің қалалық семинары

«Өзін - өзі тану адамгершілік - рухани даму пәні ретінде»

Тақырыбы:
«Күн шуағым - отбасым»
9 сынып
Пән мұғалімі: Самбаева Алмагүл Қадырбайқызы

Көкшетау - 2013
Сабақтың тақырыбы: Күн шуағым - отбасым.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу;
- отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым – қатынасының дамуына ықпал ету;
- отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері. 3 - слайд (баяу музыка ойнап тұрады)
Сүйіспеншілік ұғымының отбасынан басталатынын, отбасы деген - де ойымызға келетін бірінші сөз айту арқылы шаттық шеңберін құру.
Ойланайық, пікірлесейік. 4 - слайд берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу.

1.“отбасы жарастығы”, “отбасы бақыты”, “отбасы қуанышы” дегенді қалай түсінесің?
2. “маған мейірім шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім”- деген сұрақ қойып көрдің бе?
3. “аялау”, “қадірлеу”, “қадірін білу”- деген сөздерді қалай түсінесің?
4. ата - анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
5. Ана, әке деген сөздер қандай сезім тудырады?

Мәтінмен жұмыс. 5 - слайд. Оқулықта берілген «Мен оны пір тұтамын» мәтінімен жұмыс жүргізу. Талдау, тақтадағы үзінділерге көңіл аудару. Сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салу:
1. Мұраттың отбасына түскен қиындықты жеңуіне не себеп болды?
2. Жақсы отбасы, адал жар болуы үшін адамға не қажет деп ойлайсың?

Тыныштық сәті. 6 - слайд (Ана мен сәби – әні жүріп тұрады)
Ал қазір көзімізді жұмамыз да, көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы елестетеміз.
Әдемі етіп салынған жол бізді бір үлкен үйге апарады. Біз баяу жүріп отырып үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Міне үйге де келіп қалдық, баспалдақпен үйге енеміз. Үй ішінен жаңа піскен нанның иісі мен хош иісті шайдың иісі келіп тұр. Көзімізді ашамыз.
- Сендерге бұл үй ұнады ма?
- Ұнаса онда осы үйдегі жылылықты молайту үшін отын сала отырып отты маздата жандыра түсейік. Ол үшін отындардың артындағы сұраққа жауап бере отырып отқа салу керек.
1. Отбасында сен қандай шаруаларды атқарасың?
2. Үйде дүкенге кім бару керек деп ойлайсың?
3. Отбасында ас пісіру, кір жуу тек әйел адамның шаруасы дегенмен сен келісесің бе?

Отбасы деген атауда жалындаған оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы ошақтың түтіні түзу болсын.(жалындарды ілу)
Шаңырақтың үстінде кейде бұлт төнетін сәттер болатынымен келісеміз. Оған сендердің қандай іс - әрекеттерің себеп болып тұрады деп ойлайсыңдар? Ал қане бұлтты қуып жіберейік (бұлтты алып отырып артындағы жазуды оқиды: жалқаулық, қаталдық, өтірік айту т. б.)
Шаңырағымыздың үстінде күн одан бетер жарқырай түсу үшін күн шуақтарын тағуымыз керек.

Шуақтардың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз керек:
1. Отбасы тәрбиесіне ата - анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
2. Қиын жағдайда қайсысынан бірінші көмек сұрайсың?
3. Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?
4. Ата - анаңның қайсысына ұқсаймын деп ойлайсың?
5. Отбасында қандай аға, іні, қарындас, әпкесің?
6. Ата - анаң сені қалай және қандай сөздер арқылы еркелетеді?
7. Анаң немен айналысқанды жақсы көреді? Әкең ше?
8. Құрбыларың ата - анасын ренжітіп алды делік, сен қандай ақыл берер едің?

Дәйексөз 7 - слайд Отбасы өнегесі - Отан өнегесі.
Қанатты сөздерге көз жүгіртейік. (Испандиярдың дауысы тыңдалады)

Жағдаятты талдау. 8 - слайд. Өкінішке орай адам мәңгілік өмір сүрмейді. Жас бала
ғана жетім болмайды екен, қарттар да жетімдікті көреді екен. «Қарттар үйі», «Жетімдер» фильмдерін көру.

Сұрақтар. 9 - слайд 1. Бұл фильмдер сендерде қандай сезім тудырды?
2. Бұл фильмдерде ұқсастық пен айырмашылық бар ма?
Шығатын түйін: Адамға ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Бірлік бар жерде берік отбасы болады. Бала ата-анаға қандай ыстық болса, ата-ана да балаға сондай ыстық әрі қымбат екенін естен шығармау керек.

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды. 10 - слайд. Ата-аналардың ақ тілектерін тыңдау.
(Испадияр мен Назеркенің ата-аналарының сөзі)

Біздің сыныбымыз да бір отбасы(слайд)
Отбасының бақыты дегеніміз... 11 - слайд (баяу музыка ойнап тұрады)
Мұғалім: бүгін менің көзім жетті, сендер өте тату отбасынан шыққан балалар екендеріңе. Оған сендердің бүгінгі іс - әрекеттерің куә. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге рахмет айтамын. Сабағымызды қорытындылай келе: отбасы ол шағын мемлекет. Осы мемлекеттің өз қуанышы, өз бақыты бар. Менің қолымдағы сандықшада осы қуаныш пен бақыт салынған. Соны сіздерге ұсынғым келіп отыр.
(Сандықша ішіндегі айнаға қарап өзінің отбасы бақыты екенін түсіну.

Жүректен жүрекке. 12 - слайд. Оқушылар тілек айтады.
17 436
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Өзім және отбасым
Өзім және отбасым
Түрлі дерек көздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атамбаева Әсел
Менің отбасым
Менің отбасым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×