Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір салты

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы:Салауатты өмір салты (презентациясымен)
«Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп». (Абай)
Сынып: 10
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Міндеттері:
- салауатты өмір мәнін түсіндіру;
- зиянды заттарды қолданудың алдына алу;
- салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: буклеттер, слайдтар, бейне таспалар, DVD.
Шаттық шеңбері
Қ. Жұмағалиевтің “Жастар әні” өлеңі орындалады.
Балалар шеңберге тұрып бір - біріне келген күнге сәттілік тілейді.

Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев

Әңгімелесу айдары
Кітапта берілген сұрақтармен жұмыс.

• Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен
• Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
• Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
• Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
• Зиянды әдеттерге нелер жатады?
• Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Өсиет:
Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.
Топтастыру:

Терме “Қара пима”
Алай да дүлей ақ боран
Ысқырып, ұйтқып, бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан
Қақпалық қылар жұлқылап...

Тыңдау, талдау.
Термені тыңдағанда қандай сезімде болдыңыз.

Шығармашылық жұмыс.
Шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізу, келесі сабақта талдау.

Топпен жұмыс “Салауатты өмір салты” жоба жазу, талдау, қорғау
Жүректен – жүрекке

Ұ. Есдәулетовтің «Құс жолы» өлеңін орындау.
Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Құс жолы ғарыш көкке туған жерден.
Қараймын жандай ғашық...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балмұқанова Гүлсім
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×