Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың құрылысы

11 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Физика 7 класс
Сабақтың тақырыбы: «Заттың құрылысы» тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: “Заттың құрылысы” тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап, пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Алған білімдерін өмірмен байланыстыратын шығармашыл тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау – пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тірек сызба арқылы білімін тексеру
Көрнекілігі: суы бар ыдыс, мұз, бос ыдыс, слайд, семантикалық карта, ғалымдардың портреті.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен тарауды қайталау.
Мұздың, судың және су буының қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар?
Тірек сызба
Заттың күйі → Қатты, сұйық, газ

Ломоносовтың суреті беріледі. Ломоносовтың молекула - кинетикалық теорияға қосқан үлесі қандай? Қағидаларын жатқа білесіңдер ме?
Семантикалық картаны толтырамыз
--------------------------------
Демокрит суреті беріледі. Демоктриттің қандай жаңалығы бар?
Физикалық диктант
Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық денеге, қайсысы – заттарға, қайсысы – құбылысқа жататынын жазыңдар: қорғасын, күннің күркіреуі, рельстер, қарлы дауыл, алюминий, таңның атуы, үстел, мыс, Ай, сынап, қардың жаууы, мұнай, қайнау, бұрқасын, тасқын, тік ұшақ, найзағай.
Зат-------------------
Дене---------------------
Құбылыс------------------

Тест тапсырмалары
1 - нұсқа
1. Барлық заттар
А) Кішкентай шариктерден (металл, пластмасса немесе шыны)
Б) Тек протондардан
В) Молекулалардан, атомдардан және басқа элементар бөлшектерден
Г) Тек электрондардан
2. Диффузия құбылысы
А) Молекулалардың бар екендігін
Б) Молекулалардың қозғалыста болатындығын
В) Молекулалардың бар екендігін және олардың үнемі қозғалыста болатындығын
Г) Молекулалардың өзара әсерлесетіндігін дәлелдейді.
3. Затты құрайтын бөлшектер...
А) Денені жоғары қарай лақтырғанда қозғала бастайды
Б) Егер денені 100ºС - ға дейін қыздырғанда тыныштықта болады
В) 0ºС температурада тыныштықта болады
Г) Кез - келген температурада үздіксіз бей - берекет қозғалады
4. Темір кесегін сығуға болмайды, себебі оны құрайтын бөлшектер...
А) Үздіксіз бей - берекет қозғала бастайды
Б) Бір - біріне қатты тартыла бастайды
В) Массалары мен өлшемдері бірдей
Г) Бір - бірінен қатты тебіле бастайды
5. Дене өзінің пішіні мен көлемін сақтайды. Осы денені құрайтын зат қандай күйде?
А) Газ тәрізді
Б) Сұйық тәрізді
В) Қатты күйде
Г) Газ және сұйық күйде

2 - нұсқа
1. Дұрыс тұжырымды табыңдар:
А) Бірдей заттардың молекулалары әртүрлі болады
Б) Бірдей заттардың молекулалары бірдей болады
В) Денелерді қыздырғанда олардың молекулалары ұлғаяды
Г) Денелерді қыздырғанда олардың молекулаларының массасы артады
2. Диффузия құбылысы
А) Тек газдарда
Б) Тек сұйықтарда
В) Тек қатты денелерде
Г) Газдарда, сұйықтарда, қатты денелерде жүреді.
3. Төмендегі құбылыстардың қайсысы заттың бөлшектерінің арасында тартылу күшінің бар екендігін дәлелдейді?
А) Жаңа кесілген қорғасын шарларды бір - біріне жабыстырып қысса, олар жабысып қалады
Б) Гүл иісінің бөлмеге таралуы
В) Мұздың жылы бөлмеде еруі
Г) Электр тогы жүргенде шамның жануы
4. Табиғатта су
А) Газ, сұйық және қатты түрінде
Б) Тек газ түрінде (бу)
В) Тек қатты түрінде (мұз)
Г) Тек сұйық түрінде кездеседі
5. Дене өзінің көлемін сақтамайды, берілген көлемді түгел қамтиды. Осы денені құрайтын зат қандай күйде?
А) Газ тәрізді
Б) Сұйық тәрізді
В) Қатты күйде
Г) Қатты және сұйық күйде

ІІІ. Үйге тапсырма: «Заттың құрылысы» тарауын қайталау
IV. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест физика 7 сынып
Тест физика 7 сынып
1. Физика пәні нені зерттейді? A. Техниканы зерттейді. B. Аспан денелерін зерттейді. C. Табиғат құбылыстарын зерттейді. D. Атомдар мен молекулаларды зерттейді. E. Зат құрылысы мен құрамын зерттейді.
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, №2 Преснов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Осипова Ақбаян Айдархановна
Заттың күйлері және оларды молекулалы – кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Заттың күйлері және оларды молекулалы – кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Ғ. Сланов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Молдашева Мадина Өтепқызы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі Ерланова Шынар Алтынбековна
Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру
Талғар ауданы №31 орта мектептің физика пәні мұғалімі Таттібаева Кулбану Елшібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×