Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау

23 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Сақталу заңдары жайында алған теориялық білімдерін тұрмыста, практикада қалай қолданылатындығын қарастыру арқылы оқушының көзқарасты мен ойлау қабілеттерін арттыру.
Сақталу заңдарын пайдаланып, еліміздің жаңа техникалары жайында түсініктерін кеңейтіп, оны игеруге деген құштарлықтарын арттыру және мамандыққа бағдарлау.
Сақталу заңдарын салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, физиканың айла - тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру. Техника арқылы жұмысты жеңілдете білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жалпылау, білімдерін бағалау, жинақтау.
Көрнекіліктер: слайдтар
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты түгендеген соң, сабақтың мақсатымен таныстырамын. Жұмыс түрі:
• Сұрақ - жауап
• Шығармашылық жұмыс
• Формуламен жұмыс
• Есептер шығара білеміз бе?
• Өзімізді тексерейік.

2. Сұрақтар
1. Дене импульсі дегеніміз не?
2. Күш импульсі дегеніміз не?
3. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
4. Импульстің сақталу заңы?
5. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
6. Механикалық энергия дегеніміз не?

3. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар дайындаған презентацияларын көрсетіп, қорғайды.

4. Формуламен жұмыс
• Шамаларды ата
• Сәйкес өлшем бірлігін тап. « Сәйкестендіру кестесі»
• Формуланы жаз
А Н
F c
t кг
υ Дж
m Н∙с
P кг∙м∕с
I м
Һ м∕с2
g Дж
Е Н∕м
K м\с
5. Есептер шығара білеміз бе?
Есеп А № 11, 3: 11, 4: 11, 5
В № 11, 16: 11, 17: 11, 18
С № 11, 20: 11, 25: 11, 26
6. Өзімізді тексерейік « Кім жылдам?»
1. Қандай денелер кинетикалық энергияға ие болады?
а) өзара әрекеттесетін
в) салмақсыздық күйде болатын
с) қозғалыстағы
д) Жердің ауырлық күші өрісіндегі
е) Жердің бетінен көтерілгенде
2. Дене импульсінің өлшем бірлігі
а) кг∙м∕с2
в) Дж∕м
с) Н∙с
д) кг∙м∕с
е) Дж∕с
3. Кинетикалық энергияның есептеу өрнегі
а) mgh
в) υ∕2 m
с) mυ∕ 2
д) 2m∕υ2
е) mυ2∕2
4. Массасы 4 кг жүкті 2, 5 м биіктікке көтергенде істелетін жұмыс неге тең?
а) 98 Н
в) 98 Па
с) 9, 8 Дж
д) 98 Дж
е) 980 Дж
5. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
а ) 15 Дж
в ) 0, 67 Дж
с ) 6 Дж
д ) 6. 7 Дж
е ) 60 Дж
6. 18 км∕ сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 3 кг дене қандай импульске ие болады?
а) 54 кг ∙ м∕с
в) 6 кг ∙ м∕с
с) 0, 6 кг ∙ м∕с
д) 75 кг ∙ м∕с
е ) 15 кг ∙ м∕с
7. Массасы 6 кг дене 10 м биіктікке көтерілген. Дененің потенциалдық энергиясы қандай?
а ) 60 Дж
в ) 60000 Дж
с) 16 Дж
д) 4 Дж
е) 600 Дж
8. Дененің жылдамдығы 3 есе артса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
а ) өзгермейді
в ) 9 есе артады
с ) 9 есе кемиді
д ) 3 есе артады
е ) 3 есе кемиді
7. Сабақты қорытындылау кезеңі
( орындалған жұмыс түрін, оқушылардың меңгерген тақырыптарын қорытындылау, жүйелеу)
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма: формуланы жаттау
7 659
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару
Сақталу заңдары тарауын қайталау және есептер шығару
формулаларды есеп шығаруда тиімді пайдалану; физикалық шамалардың айырмашылықтарын анықтау;
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергияның бір түрден екінші түрге айналуын түсіну және мысалдар келтіру арқылы механикалық энергияның сақталу заңын білу және пайдалану.
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді.
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Оқушыларға дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін есеп шығаруда қолдана алуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×