Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас физиктер

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Жас физиктер сайыс (8 сынып)
Бұл сайыста физика пәнінен алған білімдерімізді ортаға салып, жүйріктеріміз алға озып шығатын боламыз. Үш топқа бөліне отырып электр құбылыстарын толық қайталаймыз, тәжірибе алмасамыз.
1. Таныстыру
● Ньютон
1. Тілек - талапты
2. Заманбек - зиялы
..............
♦ Архимед
1. Есет - екпінді
2. Қадыржан - қайратты
..............
● Коперник
1. Шаяхмет - шабытты
2. Гульжанар - гүлдей
............
2. Жекпе – жек сайысы /формула жазу/ Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем кесерсің.
…………………
3. Бәйге
Ньютон
1. Физика пәні нені оқытады?
2. Жылу берілудің неше түрі бар?
3. Тығыздық қандай әріппен белгіленеді?
4. Деформация дегеніміз не?
5. Броундық қозғалыс
6. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
7. Джуоль - Ленц заңының ережесі
8. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал
9. Атомның планетарлық моделін жасаған кім?
10. Тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

Архимед
1. Физиканың І ұстазы кім?
2. Ішкі энергияны өзгертудің неше тәсілі бар?
3. Күш қандай әріппен белгіленеді?
4. Диффузия д. н.?
5. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
6. Отынның жану жылуы д. н.?
7. Паскаль заңы ережесі
8. Вольтметр нені өлшейтін құрал?
9. Нүктелік зарядтар арасындағы күшті анықтаған ғалым кім?
10. Параллель жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

Коперник
1. Термодинамика нені зерттейді?
2. Кернеу қандай әріппен белгіленеді?
3. Термодинамиканың неше заңы бар?
4. Конденсация
5. Ішкі энергия
6. Балқу жылуы д. н.?
7. Ом заңының ережесі
8. Электр зарядын анықтайтын құрал қалай аталады
9. Эврика деп сұйыққа батырылған денеге әсер ететін күшті анықтаған ғалым кім?
10. Электр шамында қандай өткізгіш қолданылады?

3. Полиглот. Қазіргі кезде тек бір тілді емес бірнеше тілді білген жөн. Сондықтан да келесі сайысымыз Полиглот деп аталады. Құрметті сайыскерлер сіздерге сұрақтар қоямыз жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудармаларын табуларыңыз керек.
Қазақ тілінде ----------------------- орыс тілінде ------------------------ ағылшын тілінде
Көлем
Қысым
Температура
Ауа
Қатты
Күш

5. Кім жылдам? Жұмбақтар сайысы.
1. Суға батпайды, отқа жанбайды.
2. Көзіңмен көресің, қолыңмен ұстай алмайсың. Ол не?
3. Мөлдіреген жүзімді,
Ұстап едім езілді. Ол не?
4. Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан
5. Егер ыдыстағы суды ішіп қойсаң, ыдыста не қалады?
6. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
7. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
8. Кім барлық тілде сөйлей алады?

5. Алғырлар сайысы
«Білімділікке дүние жарық, білімсізге күн кәріп». Мына мақалдардың мән – мағынасын физика тілінде екі сөзбен жеткізу.

6. Ойын. Бұл ойын үш топқа бірдей беріледі және төрт пәнге байланысты үш сөзбен физикалық мағынасын түсіндіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәні 8 - сынып
Физика пәні 8 - сынып
1. Теріс заряды бар бөлшек А) протон В) нейтрон С) электрон Д) позитрон
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Масса және заттың тығыздығы
Масса және заттың тығыздығы
Березняк орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мухамет Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×