Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ мейірбикелерді дайындау (қолданбады курс)

18 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Физика
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
Физика пәнінің мұғалімі Алманова Гүлсім Аманқұлқызы

Қолданбалы курс
Тақырыбы: Болашақ мейірбикелерді дайындау
Мақсаты: Болашақ мейірбикелерді дайындау барысында физика мен медицинаның арасындағы байланысты ұғындыру.
Нәтижесі: Болашақ мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгереді; Дүниетанымы кеңейеді; Интернетпен жұмыс жасауға, тақырыпқа қатысты тапқан материалдарын сараптап, жүйелеуге дағдыланады.
Өздігінен ізденуге, қай нәрсені де ойша салыстыруға, қорытынды тұжырым жасай білуге, алған біліміне сүйене отырып ой - пікірін білдіруге бейімделеді.

І Мұғалімнің түсіндірмесі:
Физиканың медицина саласындағы алатын орны ерекше. Физика пәнін оқып үйрену болашақ мейірбикелердің медициналық техника бойынша даярлығын жақсартудың басты шарты екендігін ескеріп, аталған пәннің мазмұнын толықтыру мақсатында физикалық факторларды қолданудың негізін қарастыруды басты міндет деп санауға болады.
Осы жағдайларды ескеріп, физика курсында қарастырылатын физикалық құбылыстарды диагностика мен емдеу ісінде, медициналық құралдарда қолданудың негізгі себептерін ашып көрсету, мұндай физикалық факторлардың адам ағзасына әсерін талдау, оны қолдану туралы жүйелі түрде қарастыру болашақ мейірбикелерді дайындау барысында міндетті түрде орындауға тиісті педагогикалық іс - шаралар.

ІІ Ашық сұрақтар
1. Физиканың медицинамен байланысы қандай?
2. Дәрігер болғың келе ме?
3. Бұл мамандықты не үшін таңдадың?
4. Таңдау пәні биология. Бұл пәннің ерекшелігі неде деп ойлайсың?
5. Физиканы білу медицинада не үшін керек деп ойлайсың?

ІІІ Практикалық бөлім
1. Температураны өлшеу. Барлық оқушылардың температурасын өлшеу.
Термометр құрылысымен мұқият танысу және қауіпсіздік ережесін сақтау.
2. Қан қысымын өлшеу. Сфигмотанометрдің құрылысымен танысу.
Барлық оқушылардың қан қысымын өлшеу. Нәтижелерін салыстыру.
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе сфигмотанометрмен өлшенеді.

Үйге тапсырма: «Мен таңдаған мамандықтың ерекшеліктері» эссе
3 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбындағы еріктілер қозғалысының жобасы
«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбындағы еріктілер қозғалысының жобасы
«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбындағы еріктілер қозғалысының жобасы
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
Физика ұғымын, физикалық терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Пәнге қызығушылығын арттыру Өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, пайымдауға тәрбиелеу
«Виртуалды футбол» танымдық ойын
«Виртуалды футбол» танымдық ойын
Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Боранбаева Камила
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Қалжат орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Хамраева Мухаббатхан Жалалдинқызы
ҰБТ дайындық жоспары
ҰБТ дайындық жоспары
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×