Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау.

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Физика
"Балқаш қаласы
жалпы білім беретін №24 орта мектебі"КММ
Серикова Эльмира Зановна

Сабақтың тақырыбы: «Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау. Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау»

Сабақтың мақсаты: шығармашылықты шыңдау, білім - білік дағдыны өмірлік қолданысқа айналдыру.
Білу: пайдалы әрекет коэффициентінің физикалық мәнін білу.
Түсіну: жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелерді түсіну.
Қолдану: ПӘК - ін есептеуді үйрену, өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап беру.
Талдау: экологиялық мәселелерге әртүрлі тұрғыда сипаттама беру.
Жинақтау: ғылыми тұрғыдан әртүрлі мәліметтерді жинақтау.
Бағалау: Жылу машиналарының жетістіктері мен маңызы, экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау.
Сабақ міндеті: шығармашылықты шыңдау, білім білік дағдыны өмірлік қолданысқа айналдыру.
сабақтың түрі: жаңа сабақ
типі: Аралас типті.
әдіс тәсілдер: топтық әдіспен талдау, әр түрлі жинақталған мәліметтерді пайдалана отырып, тиянақтау, бағалау.

Сабақтың ұраны: “Төзімділік пен шыдамдылық істің нәтижесіне жеткізеді.”
Сабақта оқушыларға арналған тілек! (Сергіту)
З - зейінділік
Е — ептілік
Р — рақымшылдық
Д - данышпандық
Е – ержүректікке
Л — лайықты болуға
І — ізгілікті білім тілеймін!

Жоспар:
• Үй жұмысын қайталауға арналған сұрақтар.
• “Миды шынықтыру”
• Топпен жұмыс.
• Жаңа тақырып бойынша түсініктемені толықтыру.
• Есептер шығару.
• “Домино” ойыны
• Бағалау.
• Рефлексия.

Үй жұмысын тиянақтауға арналған сұрақтар:
Тоңазытқыштың құрылысы қандай?
Термодинамиканың 1 және 2 - ші заңын тұжырымда!
Тоңазытқыштың отыны не?
Іштен жану қозғалтқышының құрлысын ата?
Қозғалтқыштың жұмыс циклі қандай?
Бу турбинасы құрылысы?
Барлық жылу қозғалтқыштарының қажетті 3 - бөлігі?
Жылу машиналары дегеніміз не?
Адиабаталық процесс?
Термодинамика заңына сәйкес поршеньнің атқаратын жұмысы?
Термодинамиканың 1 - ші заңының теңдеуі?
Жылу қозғалтқыштары қай жерлерде бар?(мысалдар)

«Миды шынықтыру»
Жылу құбылыстарына арналған жұмбақтар шешу.
а) Қазақ мақал - мәтелдерінің мағынасын ашу.
1) Сыртта қапырық болып тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр? (Тоңазытқыш)

2) Оңынан оқы, тіршілік нәрі.
Солынан оқы, онсыз адам, өсімдік, аң құс.
Әп - сәтте сөнер, тұншығып бәрі. (ауа)

3) Қайнайды отта тұрып құйған суы,
Көтерілді жоғары судың буы
Ойланып есептейік, кәне енді,
Кетті екен қайнатуға қанша жылу? (Q=r*m)

4) Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді сондада. (Энергия)

5) Еститін таң алдында бұлбұл үнін,
Хан қолында тұрыпты бір қыз сұлу.
Қызға арнап алтын алқа тағу үшін
Кетті екен есептейік қанша жылу? (Q=cmΔt)

6) Тіршіліктің қамы үшін
Жоқшылықты түзейді.
Егер іскер жан болса,
Жоқшылықты тежейді. (Жұмыс)

7) Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)

8) Жүрісі бар түрі жоқ,
Үні барда, тілі жоқ (Жел)

ә) Мақал мәтелдердің физикалық тұрғыда мағынасын ашу:
1) Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады (балқу)

2) Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады (Жылу өткізгіштігі)

3) Қатты қаңтар болмай теңізде су қатпайды. (Қату температурасы)

4) Жұпарды жасырғаныңмен, иісі білінеді (Диффузия құбылысы)

Топтарға тапсырмалар:
1 топ: Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы мәні.
2 топ: Атмосфераның ластануы, экология.
3 - топ: Ауа ластануына қарсы жүргізетін шаралар.
Бұл сұрақтар бойынша оқушылар тақтаға шығып, дайындаған постерлерін қорғайды, талдайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
5 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Термодинамиканың І заңын изопроцестерде қолдану
Физика пәнінің мұғалімі Алманова Г. А.
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қожекеева Нағима Мауфақызы
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, №2 Преснов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Осипова Ақбаян Айдархановна
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Жылу қозғалтқыштары. ПӘК. Жылу қозғалтқыштарының рөлі және қоршаған ортаны қорғау
Жылу қозғалтқыштары. ПӘК. Жылу қозғалтқыштарының рөлі және қоршаған ортаны қорғау
ШҚО, Аякөз ауданы, Ақтоғай стансасы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Физика пәнінің мұғалімі Толегенов Сейсенкали Курмашевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×