Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

13 қараша 2016, Жексенбі
Категориясы: Физика
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат беру
Топта бағалауға баулу
Оқыту мақсаттары: Барлық оқушылар: Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, бағалайды, барлайды.
Алдыңғы оқу Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол

Басталуы 10 мин
Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.
Аудиториядағы заттар
3 топқа бөлінеді
- ойлау жұмысына ынталандыру
- белсенді іс әрекетке жұмылдыру
1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)
2. Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)
3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т. с. с)
4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы: қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).
5. Жүрілген жол дегеніміз не? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу белгілейді)
6. Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады. Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, оны нұсқама қойып, S әрпімен белгілейді)

2. Теңдікті түрлендір: (2 мин)
Жол (м) --------- Уақыт (с)
7км =....... м ---- 12сағ =....... с
65см =...... м ----- 45мин =...... с
300мм =.... м ----- 0, 5сағ=....... с

Жол (м) --------- Уақыт (с)
7км = 7000м ------ 12сағ = 43200с
65см = 0, 65м ------ 45мин = 2700с
300мм = 0, 3м ------ 0, 5сағ= 1800с

Ортасы 30 мин
Бірқалыпты қозғалыс. Бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері туралы интерактивті тақтадан материал көрсету.
Өткен сабақпен байланыстыра сұрақ қою

«Инсерт» әдісі бойынша тақырыпты оқуға әр топқа тапсырма беріледі:
1 - топ Бірқалыпты қозғалыс.
2 - топ Бірқалыпты емес қозғалыс.
3 - топ Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Осы тақырыптар бойынша Кластер жасауға нұсқаулық беріледі

Сергіту сәтін өткізу
Мадақтау жарайсыңдар
Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз?
Теңдікті түрлендір:
36 км /сағ = 10 м/с; 6 км/мин = 100м/с;
54 км/сағ = 15 м/c; 100 см/с = 1 м/с;
250см/с = 2, 5м/ с; 7, 9 км/с = 7900м/с

Есептер шығару.
Ойлан, жұптас, талқыла әдісі
«Кім жылдам»

Аяқталуы 5 мин
«Бағалау парағы» критерий арқылы бағалау
Оқушыларға кері байланыс қағаздарын таратып береді.
• Қосымша ақпарат: Үйге тапсырма беру: §17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
• §18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. 5 - жаттығу

«№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Жолдасбекова Самал Еркінбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
оқушыларға қозғалыстың түрлерін және туралы ғылыми түрде түсіндіру. оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың негізгі мағынасын біледі. Бірқалыпты бірқалыпсыз қозғалыстарды саралап ажыратады және есептер шығаруда қолданады Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Қозғалыс траекториясы. Материялық нүкте жүйесі, жол жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сукашева Әлия Айсеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×