Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Жолдың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтау;
y=kx+b (V=V0 +at) түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;
Сабақ мақсаттары: Бірқалыпты емес қозғалыс жылдамдығының формуласын құрайтын шамаларды айырады: бастапқы жылдамдық, уақыт, үдеу;
Сызықтық функция графигін құрастыру алгоритмін қолданады және уақытқа қарай өткен жол теңдеулерінің графиктерін құрастырады.
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін құрастырады;
Қозғалыс түрін а коэффициенті таңбасы арқылы негіздейді;
Үдеу модулінің мәнімен жылдамдық графигінің көлбеу бұрышы арасындағы байланысты табады;
Функционалдық тәуелділіктің бар графиктерін талдайды.
Жетістік критерийлері V=V0+atтүріндегіформуладан бастапқы жылдамдық, жылдамдық және үдеу мәндерін табады.
Қозғалыс түрін а коэффициенті таңбасы арқылы негіздейді.
Үдеу модулі мәнінің жылдамдық графигінің көлбеу бұрышына тәуелділігін түсіндіреді.
Уақытқа қарай өткен жол теңдеулерінің графиктерін құрастырады.
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін құрастырады.
Бар графиктерді талдайды және шамалар арасындағы функционалдық тәуелділікті білдіреді: s - тің t - ға, v - ның t - ға, дене тыныш қалыпта болғанда, бірқалыпты қозғалғанда, тең ауыспалы қозғалғанда

Тілдік мақсаттар
Қазақша
Жылдамдық
Орын ауыстыру
Жол
Уақыт
Үдеу
Түзу сызықты қозғалыс
Тең айнымалы қозғалыс
Проекция

Орысша
Скорость
Перемещение
Путь
Время
Ускорение
Прямолинейное движение
Равнопеременное движение
Проекция

Құндылықтарды дарыту: Қозғалыс түрлері туралы оқушының танымын кеңейту;
Қозғалыстың маңыздылығын оқушы түсіндіріп бере алады. Оқушы графиктік тапсырмаларды орындай отырып, қозғалысты модельдей алады.
Пәнаралық байланыстар: Геометрияда функция графигін тұрғызу үшін координаталарды білу керек. Функция графигі туралы білімдеріне сүйеніп қозғалысты сипаттай алады.
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақтамен жұмыс. ActivStudio бағдарламасының мүмкіндіктері.

Сабақтың басы
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Үш тілдегі физикалық терминдердің кез келгенін мұғалім оқушыдан сұрайды.
Сабақтың тақырыбын, оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтау;
Оқушылардың сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу.

Топқа бөлу.
Сабақтың ортасы
Видеокөрсетілім:
https://www. twig - bilim. kz/film/speed - velocity - acceleration - 5760/
https://www. twig - bilim. kz/film/factpack - acceleration - 5765/
Сызықтық жылдамдық, векторлық жылдамдық.
Деректер: үдеу.

Топтық жұмыс. Видео көрсетілімнен соң екі топқа тест түріндегі тапсырма беріледі. Орындап болған соң екі топ тапсырмаларын алмастырады.
Өзара бағалау.
Жұппен жұмыс. Адам қозғалысын модельдеу. Оқушылар«Қозғалысты адамның» онлайн модельдеуін пайдаланып орын ауыстыру – уақыт, уақыт - жылдамдық немесе екі айнымалылар арасындағы арақатынасты график түрінде көрсете алады.
Сабақтың соңы
Оқушылар өздерінің жұмысын берілген критерийлер бойынша бағалай алады. Графикке талдау жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 828
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Кинематика негіздері
Кинематика негіздері
Материя, векторлық шамалар, скалярлық шамалар, теңайнымалы қозғалыс, үдеу, еркін түсу, қисықсызықты қозғалыс, бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс, айналу периоды, жиілік, сызықтық және бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу анықтамаларын сауатты
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×