Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер

17 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді түсіндіру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережесін қатаң сақтауға дағдыландыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Автокөлікті тиімді пайдалануды үйрету.
Сағат саны 45 минут Өтетін күні:
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мультимедиялық проектор, экран, бейнетаспа, электрленген «Қала жағдайлары» үстел үсті макеті, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ жүргізу әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету.
Пәнаралық байланыс: Жол қозғалысының ережелері

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 - 2 мин.)
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қысқаша конспект
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына
3 - қосымша
Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер.
1. Жол қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай - күйі мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.
2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде жол полициясында тіркелуі тиіс.
Тұрақты тіркеу орнынан 2 айдан астам мерзімге шыққан механикалық көлік құралдары арналған жеріне келуі бойынша уақытша тіркелуі тиіс.
3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобиль - дерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің оң төменгі бұрышында мемлекеттік техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.
Тіркеу белгілерінің сандары мен әріптері жүк автомобильдерінің, тіркемелердің (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің тіркемелерінен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиіс. Сандардың биіктігі - кемінде 300 мм, ені кемінде 120 мм, штрихтың қалыңдығы 30 мм, әріптердің мөлшері сандардың мөлшерінің 2/3.
Трамвайлар мен троллейбустарға тиісті ведомстволардың берген тіркеу нөмірлері жазылады.
4. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилі еденінен 0, 3 - 0, 5 м жөне борттың жоғарғы жиегінен 0, 3 м кем емес биіктікте бекітілген орындықтармен жабдықталуы тиіс, ал балаларды тасымалдау кезінде, бұдан басқа, борттың биіктігі еденнің деңгейінен 0, 8 м кем болмауы тиіс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болуы тиіс.
5. Жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесілі механикалық көлік құралы іліністіргіш пен тежеуішті іске келтірудің қосымша тепкіштерімен жабдықталуы тиіс.
6. Велосипедте ақаусыз тежеуіш, руль және дыбыстық белгі' болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен немесе ақ түсті фармен (тәуліктің қараңғы уақытында жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түсті фонарьмен, ал әрбір бүйір жағынан - сарғыш немесе қызыл түсті жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиіс.
7. Жүктік арбашада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақтық тежеуіш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тіреуіш болуы, алдынан екі жарық қайтарушымен немесе ақ түсті фонармен (тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз керінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан - 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түсті фонарьмен жабдықталуы тиіс.
Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер жүктеу
10 302
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Медициналық қобшида
Медициналық қобшида
Білімділік: Медициналық дәрі қобдишасымен таныстырып, оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру.
Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау
Жол ережесін сақтау – өз қауіпсіздігіңді ойлау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің психология пәнінің оқытушысы Мусрепова Хадича Культасовна
Баскетбол
Баскетбол
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 ЖОБМ Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Г.Е.Алепарова
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау. 2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру. 3.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×